
Көлік прокурорлары жалпықалалық сенбілікте
«Birge - taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында Бас көлік прокуратура қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Олар Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы (Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін) жаяу жүргіншілердің жолдарын және оған іргелес жатқан жасыл екпелер аумағын тазалады.
Іс-шараның мақсаты – қала көшелерінің тазалығын сақтауға тұрғындардың назарын аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Бас көлік прокуратурасы