«Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау»
Прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау болып табылады.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Бас көлік прокуратура 1 142 кәсіпкердің құқығын қорғады.
Мәселен, тексеріспен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚТЖ) үстем монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды.
ҚТЖ төмендету коэффициентімен жүктердің транзиттік тасымалдарына арнайы тарифтік шарттар қалыптастырылған.
Бұл ретте ҚТЖ тобына кіретін ұйымдар үшін төмендету коэффициенті шарт жасалған сәттен бастап қолданылды.
Өз кезегінде, басқа кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мұндай жеңілдіктер тасымалдардың кепілді көлемі орындалғаннан кейін ғана көзделді.
Мұндай тең емес жағдайлар ҚТЖ тобына кіретін ұйымдарға өз тарифтерін айтарлықтай төмендетуге және басқалардан артықшылық алуға мүмкіндік берді.
Бас көлік прокуратураның қадағалау актісі бойынша а.ж. 15 ақпанында ҚТЖ барлық субъектілерге тасымалдаудың кепілді көлемін орындағаннан кейін арнайы тарифтік шарттарды қолдану бөлігінде ішкі қағидаға тиісті өзгерістер енгізді.
Бас көлік прокуратурасы