«Бизнесті қорғау - ел экономикасын дамытудың кепілі»

«Бизнесті қорғау - ел экономикасын дамытудың кепілі»

Пресс-релиз

 

 «Бизнесті қорғау - ел экономикасын дамытудың кепілі»

 

Қарағанды көлік прокуратурасымен «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өңір кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді, оның барысында бизнес құқықтарын қорғау бойынша бірқатар проблемалық мәселелер қаралды.

Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың прокуратура органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі – азаматтар мен бизнестің құқықтарын мүлтіксіз қорғау.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Мысалы, көлік прокурорлары республикалық маңызы бар автожолдар құрылысы жобаларында, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор тарапынан жол сервисі объектілеріне жекелеген кіру және шығу жолдары қарастырылмай, кәсіпкерлердің құқықтарына шектеу жасаған фактілеріне ден қойды.

Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 25 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілді.

Бизнес құқықтарының бұзылуына жол бермеу, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында, прокуратура қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартудың жолын кесуден бастап әкімшілік кедергілерді қысқартуға дейін кешенді қорғау жүйесін құрды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы хабарламаларға жедел шара қабылдау үшін мобильді топ құрылды, жергілікті атқарушы, бақылаушы және құқық қорғау органдарының қызметі үйлестірілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша көлік прокуроры Азамат Сарсембаев өңірдің бизнес ахуалын жақсартуға және азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыруға ықпал ететін нақты міндеттер мен шараларды белгіледі.

Кәсіпкерлер үшін бақылаушы органдардың тексеру тәртібі туралы жадынама әзірленіп, Қарағанды көлік прокуратурасының мобильді тобының координаттары берілді (Қарағанды қ., Архитектурная көшесі, 15/1, сенім телефондары - 8 (7212) 78-18-28, 8-778-415-30-49).

 

 

Қарағанды көлік прокуратурасы