Кәсіпкерлерді жүкті сақтағаны үшін шамамен 2 млн. теңге төлеуге мәжбүрлеген

Кәсіпкерлерді жүкті сақтағаны үшін  шамамен 2 млн. теңге төлеуге мәжбүрлеген

Кәсіпкерлерді жүкті сақтағаны үшін

шамамен 2 млн. теңге төлеуге мәжбүрлеген

 

Көлік прокуратурасы органдары карантин кезеңінде ерекше өзекті болған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Анықталғаны, кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекетпен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүйесінің жекелеген лауазымды тұлғалары бизнес субъектілерінің құқықтарын өрескел бұзуды жалғастыруда.

Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі 2021 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспарды орындау мақсатында (ҚР Үкіметінің 20.05.2020 ж. №307 қаулысымен бекітілген) «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпкерлерден олардын жүктерін сақтағаны үшін алымның 10 еселенген мөлшерін алып тастау туралы бұйрық шығарды.

Алайда, осындай қиын уақытта кәсіпкерлер үшін қажетті қолдау Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің Никельтау станциясының лауазымды тұлғаларымен еленбеген. 

Осылайша, жоғарыда аталған мемлекеттік ұйым басқармасының шешіміне қарамастан, Ақтөбе бөлімшесінің аумағында кәсіпкерлерден тиісті алымдар алуды жалғастырған.

Нәтижесінде, 7 адал кәсіпкерлер жалпы сомасы 1,9 млн теңгеге алымдарды төлеуге мәжбүр болды.

Осындай жағдай осы аймақтың кәсіпкерлерінің мұндай алымдарды уақытша жойылуы туралы хабардарсыздығынан болды.

Қандыағаш көлік прокурорының қадағалау актісі бойынша заңсыз өндіріп алынған сомалар кәсіпкерлердің шоттарына қайтарылды, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты, қазір тыйым салу кезеңінде (2020 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде) алым сомасын төлеген кез келген кәсіпкер негізсіз есептелген соманы, оның ішінде көлік прокуратурасы органдарына жүгіну жолымен қайтаруға мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.

*Бас көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобының телефондары: 8 7172 712251; 8 7172 301910, моб. тел. 8 778 614 29 39

 

     Бас көлік прокуратурасы