Жарты милиардтан астам тұратын ұшқышсыз ұшу аппараттары 2013 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы әуежайында уақытша сақтау қоймаларында (бұдан әрі – УСҚ) сақталып келген.

Көлік прокурорлары УСҚ-да ұзақ уақыт бойы азаматтарға да, мемлекетке де пайдалы болуы мүмкін тауарларды қайта табуда.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының Әуе көлік прокуратурасы «Астана Әуежай» кеден бекетіндегі УСҚ-да 3 дана ұшқышсыз ұшу аппараттары және жинақтаушы бөлшектермен бірге аэростаты орналастырылғанын анықтады.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде, құны 548 686 648 теңге болатын аталған аппараттар жүктен алушының бас тартуына байланысты 2013 жылы УСҚ-на сақтауға қалдырылғаны белгілі болды.

Мамандардың алдын-ала қорытындысына сай жабдықтар әлі де пайдалануға жарамды және азаматтық авиацияда пайдалануға болады.

Алайда, уәкілетті органдар 2013 жылдан бері заттарды иесіз деп танып, мемлекетке өткізуге еш шара қолданбаған.

Әуе көлік прокуратураның талап-арызы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен пилотсыз ұшу аппараттары мен аэростат иесіз деп танылып, мемлекет кірісіне айналдырылды.

Осылайша, мемлекет өз активіне жарты миллиард теңгеден астам сомаға жабдыққа ие болды.

Қазіргі уақытта көлік прокурорлары УСҚ-да мемлекет бюджетін толықтыруға және онда ұзақ уақыт сақталатын тауарларды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларды жалғастыруда.