Көлік прокурорлары 2 кәсіпкерді банкроттықтан құтқарды.
Жол құрылысшыларының әрекетіне байланысты бірден кәсіпкерлердің 2 нысаны жабылуға дейін жеткізілген.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автожолын қайта жаңарту жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Оның автожанармай құю станциясы және кафе-қонақ үй орналасқан «Қарағанды-Балқаш» учаскесінде (1492,4-1537км) тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттамада оларға кіру және шығу жолдарын көздемеген.
Бұл мекемелердің жабылуына немесе кәсіпкерлердің өз объектілеріне қол жеткізуді жайластыру қажеттілігіне байланысты айтарлықтай қаржылық шығыстарына әкеп соқтырмақ еді.
Қазақстан Республикасының 01.07.2015 жылғы №2476-2014 ұлттық стандартының талаптарына сәйкес жол сервисі объектілері мен автожанармай құю станцияларына қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету үшін, бөлек кіру және шығу жолдары көзделуі тиіс.
Басқаша айтқанда, тапсырыс беруші өз жұмысын жоспарлау кезінде кәсіпкерлердің мүдделерін ескермеді, оларды банкроттыққа дейін жеткізуге жол жасаған.
Осы мән-жайларды ескере отырып, Қарағанды көлік прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесі бойынша жоғарыда көрсетілген автожолды реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама өзгертілді, кәсіпкерлер объектілеріне кіру және шығуы қамтамасыз етілді.
Маңыздысы - өзгерістер жолды қайта құру сметалық құнының қымбаттауына әкелмейді.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қазіргі уақытта Мемлекет басшысы талап еткендей, прокуратураның негізгі бағыты болып табылады.
* Бас көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобының телефондары: 8 7172 712251; 8 7172 301910, моб. тел. 8 778 614 29 39
Бас көлік прокуратурасы