Миллиондаған теңгенің тауарлары УҰҚ-да ұзақ уақыт болды
Алматы облысында орналасқан "Қалжат", "Нұр Жолы", "Қорғас" және "Алтынкөл" бекеттеріндегі кеден органдарының жұмысы барысында елімізге заңсыз импортталатын тауарлар анықталып, олар алып қойылады.
Көп жағдайда мұндай тауарлар оның иесіне қатысты шешім қабылданғаннан кейін, сот шешімімен жойылады немесе мемлекет бюджетіне түскен қаражатты аудара отырып, сауда-саттықта сатылады.
Сонымен бірге, контрабандалық тауардың иесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда (кеден органдарының тәжірбиесі бойынша) тауарлар уақытша сақтау қоймаларында (бұдан әрі - УҰҚ) белгісіз мерзімге дейін сақталады.
Талдықорған көлік прокуратурасының талдау жүргізу нәтижесінде УҰҚ-да 2014 жылдан бастап миллиондаған теңгеге айтарлықтай тауар көлемі жинақталған.
Бұл ретте, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ұсталған тауарларды кеден органдары күнтізбелік отыз күн ішінде, ал тез бүлінетін тауарларды жиырма төрт сағат ішінде сақтай алады. Кейіннен олар өткізу не жою үшін уәкілетті органға берілуге тиіс.
Алдын ала есептеулер бойынша 278 атаулы тауарлар уәкілетті органға уақтында берілмеген және өткізілмеген.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кеден органдарымен аталған тауарлардың алдағы уақытта тағдырын шешу жұмыстары бастады.
Қабылданған шаралар өз жемісін беруде.
Мысалы, "Талдықорған "Қамқор" Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы " КММ-не 10 млн.теңгеге жуық сомаға жаңа төсек-орын жабдықтары берілді.
Жұмыс жалғасуда, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджетті айтарлықтай қаражатпен толықтыру күтілуде.
Бас көлік прокуратурасы