Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша ЕАЭО азаматтарын әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері анықталды.
Атап айтқанда, СҚО Шекара қызметі мен Желілік полиция бөлімі ЕАЭО азаматтарын 30 тәуліктен астам тіркеусіз елде болғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Алайда заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, олар Қазақстанда 90 тәулікке дейін кедергісіз жүре алады.
Тиісінше, тұлғаларды жауапқа тарту заңсыз болған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша шекарашылар мен полицияның барлық 57 қаулысы жойылды, яғни азаматтардан құқық бұзушылар мәртебесі алынып тасталды.
Бұдан бетер, прокуратурамен шекара қызметі азаматтардың шекаралық бақылаудан өтуінің уақытша лимитін бекіткені анықталды. Басқаша айтқанда, келген шетелдік азаматтар 30 минут ішінде паспорттық бақылаудан өтуге міндетті болып, кері жағдайда оларға әкімшілік жауапкершілік жүктелетін болған.
Бұл ретте Қазақстан заңнамасында мұндай талап жоқ, бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтарын заңсыз шектеуді куәландырады.
Прокуратураның актісі бойынша аталған талап алынып тасталды, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.
Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі