
Кедендік рәсімдерді оңайлату және адам факторын барынша азайту үшін ҚР ҚМ МКК базасында декларацияны ресімдеудің дұрыстығын бағалаудың 44 өлшемі енгізілді.
Кәсіпкер мәлімдеген мәліметтер мен оның автоматтандырылған режимде төлеген төлемдері осы өлшемдер арқылы «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы өңделді.
Егер жүйе тауарды декларациялауда қате жібермесе, кәсіпкерге оны еркін айналымға шығаруға рұқсат берілді.
Осылайша, аталған рәсімді кәсіпкерлердің пайдасына тиімді цифрлау және түрлі әкімшілік кедергілерді жою күтілді.
Алайда, прокурорлық тексеру көрсеткендей, жүйе бұзушылықтардың болуын негізсіз көрсете бастады.
Бір ғана адал кәсіпкердің мысалында оның бір жыл ішінде тауарлардың құнын қасақана төмендету белгілері бойынша 17 рет тексерілгені анықталды.
Тек 5 жағдайда ғана кеденшілер жалпы сомасы 500 мың теңге көлемінде қосымша есептеу жүргізді.
Нәтижесінде кәсіпкер тексеруден, камералдық тексеруден және кедендік бақылаудың басқа да түрлерінен өтті, олар көп жағдайда жүйе берген ақпаратты растамады.
Бас көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті басымдық пен нәтижелілікті ескере отырып, бағалау өлшемдерін қайта қарады.
Математикалық модельдеу арқылы 44 өлшемнің 19-ы автоматты режимде шамадан тыс ретінде алынып тасталды.
Жаңа модельді енгізу кеден органдары тарапынан негізсіз бақылауға алғышарттарды алып тастауға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кез келген бұзылуы туралы Бас көлік прокуратурасының Жедел тобының сенім телефондарына хабарлай алатынына назар аударамыз – 8 (7172) 71 22 51 және 30 19 10.
Бас көлік прокуратурасы