БП

Меню

Страницы

Статья

Миранда Ережесі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды және ешкім де азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатаң немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа немесе жазалауға ұшырамауға тиіс.

Заңның осы нормасы халықаралық стандарт болып табылады және адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, азаматтық құқықтар туралы халықаралық тармақ, азаптаулардан қорғау туралы Декларация, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенция сияқты халықаралық құқық қорғау құжаттарында бекітілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының 3-тармағына сәйкес ұсталған, қамауға алынған, қылмыс жасады деп айыпталған әрбір адамның, тиісінше ұсталған, қамауға алынған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқығы бар.

Мәселен, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында заң шығарушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (бұдан әрі-ҚР ҚІЖК) жаңа нормалар әзірледі.

Азаматтарды ұстау тәртібі нақтыланды,сондай-ақ адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында жеткізу тәртібі мен негіздерін регламенттейтін нормалар көзделген. Америкалық "Миранда ережелерінің" ұқсастығы бойынша ұстау кезінде ұсталған адамға оның құқықтары мен міндеттерін ауызша жариялауға міндеттейтін норма енгізілді.

ҚР ҚІЖК-нен қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы адамға қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушыны шақыру құқығын, үнсіздікті сақтау құқығын және оның айтқаны оған қарсы сотта қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

 


Солтүстік Қазақстан облысының көлік прокуроры

 

А. Өтетлеуов 

Дата публикации
21 февраля 2020
Дата обновления
21 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 марта 2026
Жалған қауіп-қатерлер – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру
19 декабря 2025
Бас көлік прокуратурасы пошта қызметтері арқылы жіберілуіне тыйым салынған заттарды алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы