
Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы жас қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөледі.
Осы мақсатта, сондай-ақ кадрлық әлеуетті дамыту, көлік прокурорларының кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру үшін жас мамандармен сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекеттің қылмыстық істер бойынша мүддесін білдіру желісі бойынша қашықтықтан оқыту жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 14.01.2016 жылғы №3 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруды ұйымдастыру ережесінің 6-бабы 44-тармағына сәйкес
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін, оларды орындаудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, бекітілген оқу бағдарламасы мен тапсырмалары орындарға жіберілді.
Атап айтқанда, зерделеу және конспектілеу үшін олардың заңдылығы мен негізділігіне баға беру үшін ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар, көрінеу әділетсіз сот актілері, сондай-ақ ол бойынша кінәні мойындау және айыптау сөзін тану туралы мәміле нысанындағы іс жүргізу келісімін дайындау үшін қылмыстық істің макеті жіберілді.
Осындай оқыту семинарларын өткізу әрбір қызметкердің кәсіби құзыреттілігін, моральдық-психологиялық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді, ғылыми-зерттеу қызметіне бейімділігін, аналитикалық ойлау қабілетін және т. б. анықтайды.
ГТП қашықтықтан оқыту нәтижелері бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде жас мамандардың, сондай-ақ олардың басшыларының қатысуымен семинар өткізілді, оның барысында үнемі өзін-өзі жетілдіру, қолданыстағы және жаңа заңнаманы зерделеу қажеттілігі туралы назар аударылды.
Қашықтықтан оқыту нысаны жүйесі білім берудің жетекші нысандарының бірі болып табылатынын және бүгінгі күні білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін дәлелдеді, сондай-ақ барлық аудандық Көлік прокуратураларын негізгі қызметтен қол үзбей оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Бастығының орынбасары
Бас көлік прокуратурасының 10-шы басқармасы
М. Дәулетов