БП

Меню

Страницы

Статья

Бас көлік прокуратурасының Халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы қадағалауы

Прокуратураның негізгі функцияларының бірі-шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасау және халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалау.

Бас көлік прокуратурасының бұл функциялары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық шарттарға, қылмыстық іс жүргізу кодексіне және заңдарына сәйкес іске асырылады.

Қадағалаудың басым бағыты - бұл қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, экстрадиция, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

Аталған функцияларды жүзеге асыру шеңберінде 2013-2017 жылдар аралығында Бас көлік прокуратурасымен халықаралық-құқықтық көмек көрсету, экстрадициялау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы 300-ден астам сұрау салынды.

Бас көлік прокуратурасы Қазақстанда қылмыс жасаған және өз Отанында жасырынған шетел азаматтарына қатысты жазаның бұлтартпастығын іске асыру мақсатында Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түркияға, Әзірбайжанға 9 қылмыстық іс жолдады.

Аталған қылмыстық істер есірткі құралдарының заңсыз айналымына, экономикалық контрабандаға, ұрлық пен алаяқтыққа байланысты қылмыстар бойынша қозғалған.

Бұл мәселені көлік прокурорлары тұрақты негізде талдайды, айыпталушыларды іздестіруге байланысты мерзімі бойынша үзілген өткен жылдардың басқа да қылмыстық істерін одан әрі ҚР ҚІЖК 596-бабының тәртібінде Шет мемлекеттерге жіберу үшін анықтайды.

Көмекшісі

Бас көлік прокурорының

А. М. Бекмуханов

Дата публикации
21 февраля 2020
Дата обновления
21 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 марта 2026
Жалған қауіп-қатерлер – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру
19 декабря 2025
Бас көлік прокуратурасы пошта қызметтері арқылы жіберілуіне тыйым салынған заттарды алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы