
Қылмыстық процесті жаңғырту шеңберінде қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыруға бағытталған заң жобасы әзірленді.
Қылмыстық процесті жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында ұсынылған түзетулерді барлық мемлекеттік органдар қолдады.
Бұл ретте негізгі басымдықтар: қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыру және оның репрессивтілігін төмендету; ең алдымен адвокаттардың іс жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту есебінен қылмыстық процестің бәсекелестігін арттыру; сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі кеңейту; қылмыстық істерді тергеу рәсімдерін оңайлату және қылмыстық процестің үнемділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ұсынылып отырған шаралар қылмыстық сот ісін жүргізуде құқық қорғау тетіктерін күшейтуге, қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде прокуратура мен тергеу органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарды арттыруға, сондай-ақ шағымға жазылған әрбір талап бойынша азаматтар мен қорғаушылардың өтініштерін объективті қарауға мүмкіндік береді.
Аталған шаралар прокуратура мен тергеу органдарының қызметкерлеріне құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау үшін өтініш білдірген кезде азаматтармен неғұрлым ашық болуға мүмкіндік береді, бұл мәселе мен істің мәнін неғұрлым нақты және объективті түсінуге әкеп соғады.
2017 жылдың 6 айында 75 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде:
Аға прокурор
Қызылорда көлік прокуратурасының
Гүлнәр Сейілханова