БП

Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан темір жолы «Ұлттық компания» АҚ филиалында жалған дипломдармен 90-нан астам адам жұмыс істеген

Көлік прокурорлары «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компания» АҚ қызметін тексеру кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 92 қызметкерді анықтады.

Ұлттық темір жол компаниясының қызметкерлері темір жол көлігі жүйесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше функциялар ескерілген жоғары білім туралы жалған құжаттарды (дипломдарды) жұмысқа қабылдау кезінде пайдаланған.

Әрбір факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, нәтижесінде барлық 92 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, а.ж. 6 қаңтарында Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін «Е» азаматша (Павлодар жол дистанциясының 1-санатты инженер-технолог) сотталды, оған жауапкершілігі ретінде 20 (50500 тенге) АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Бүгінгі күні 48 қызметкермен еңбек шарттары бұзылды, 18 төмен тұрған лауазымға ауыстырылды, қалған адамдар бойынша жұмыс жүргізілуде.

                           Бас көлік прокуратурасы

Дата публикации
27 мая 2020
Дата обновления
27 мая 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

19 марта 2026
Жалған қауіп-қатерлер – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру
19 декабря 2025
Бас көлік прокуратурасы пошта қызметтері арқылы жіберілуіне тыйым салынған заттарды алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы