Бас көлік прокуратурасы қызметкерді жоғары лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (басқармасының бастығы, басқаманың орынбасары, топ басшысы, өңірлік прокурордың орынбасары, ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).
Өңірлік прокуроры лауазымына ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау Бас прокуратурамен өткізіледі.
Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет .
Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;
2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;
3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;
4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу;
5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиді.
Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.
Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:
1) басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;
2) алынбаған тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Анықтама телефондары: 7320802, 7320803
Қоңырау шалу уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығы, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін.
Бас көлік прокуратурасының
Кадрлық жұмыс тобы
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
__________________________
(прокуратура органдары жүйесі __________________________
басшысының Т.А.Ә., лауазымы)
кімнен _______________________
(қызметкердің Т.А.Ә.,
_______________________
лауазымы, сыныптық шені)
Б А Я Н А Т
Маған жоғары басшылық лауазымға өсіру үшін жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын (басқармасының бастығы, басқаманың орынбасары т.б.).
____________________
(Т.А.Ә., қолы)