Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаны іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен айқындалған тәртіппен және мерзімде Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
3. "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қр Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Б. Сағынтаев
Бекітілді
Үкіметінің қаулысымен
Қазақстан Республикасының
2018 жылғы 2 шілдедегі № 401
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 – 2019 жылдарға
Бағдарлама Паспорты
Бағдарламаның Атауы
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздер
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Қазақстан халқы Ассамблеясының
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар
Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар
Бағдарламаның мақсаты
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
Міндеттері
Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымын дамыту;
мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру; мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру;
мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттыру;
қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру, оны қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолдану, тіл мәдениетін жетілдіру жөнінде кешенді жұмыс жүргізу;
коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызметі;
Қазақстанда тілдік әралуандықты сақтау;
ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту, үш тілді оқыту моделін дамыту.
Іске асыру мерзімі
2011-2019 жылдар
бірінші кезең: 2011-2013 жылдар
екінші кезең: 2014-2016 жылдар
үшінші кезең: 2017-2019 жылдар
Нысаналы индикаторлар
Ұлғайту:
1) мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі (2016 жылы – 80%, 2017 жылы – 83%, 2018 жылы – 85%, 2019 жылы – 90%);
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2016 жылы – 70%, 2017 жылы – 80%, 2018 жылы – 90%, 2019 жылы – 100%);
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі (2017 жылы – 70%, 2018 жылы – 71%, 2019 жылы – 72%);
4) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2013 жылы – 20%, 2016 жылы – 60%, 2017 жылы – 75%, 2018 жылы-90%, 2019 жылы – 100%);
5) шешім қабылдау процесін талқылауға ашықтық және қоғамдық қолжетімділік қағидаттарын сақтау бөлігінде ономастикалық комиссиялардың жұмысына халықтың қанағаттану дәрежесі (2013 жылы – 60%, 2016 жылы – 75%, 2017 жылы – 80%, 2018 жылы-81%, 2019 жылы – 82%);
6) республика халқының орыс тілін меңгерген үлесі (2017 жылы-89%, 2018 жылы – 89%, 2019 жылы – 89%);
7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқыту курстарымен қамтылған этностардың үлесі (2013 жылы-60%, 2016 жылы – 70%, 2017 жылы – 73%, 2018 жылы – 78%, 2019 жылы – 80%);
8) республика халқының ағылшын тілін меңгерген үлесі (2013 жылы – 10%, 2016 жылы – 22%, 2017 жылы-23%, 2018 жылы-25%, 2019 жылы-27%);
9) Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген республика халқының үлесі (2013 жылы – 10%, 2016 жылы – 20,5%, 2017 жылы – 22%, 2018 жылы – 24%, 2019 жылы – 25%).
Қаржыландыру көздері мен көлемі
Бағдарламаны іске асыруға 2011-2019 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 19134,9 млн.теңгені құрады. Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 9 702,1 млн.теңгені құрады.
Бағдарламаның үшінші кезеңін іске асырудың жалпы шығындары мемлекеттік бюджеттен 7264,5 млн. теңгені құрайды.
Бағдарламаны үшінші кезең бойынша қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "100 нақты қадам: Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту"бағдарламалық мақаласы.
Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл саясаты мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымдастығының пікірлері мен ұсынымдарын ескереді.
Бағдарламаны әзірлеу кезінде мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға байланысты мәселелерді құқықтық реттеу бойынша 30-дан астам шет елдің тәжірибесі зерделенді.
Бұл құжат Тілдерді қолдану мен дамыту саласындағы өзекті мәселелерді шешудің және қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді толық көлемде қолдану үшін жағдай жасаудың нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XIII сессиясында атап өткендей: "біз барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілін одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен қатар, елде тұратын барлық ұлт өкілдері еркін сөйлей алуы, ана тілінде білім алуы, оны дамытуы үшін қолайлы жағдай жасау қажет".
Ұлттық бірлік доктринасында мемлекеттік тіл негізгі басымдықпен, рухани және жалпыұлттық бірліктің басты факторымен айқындалған. Оны игеру Қазақстанның әрбір азаматының парызы мен міндетіне, жеке бәсекеге қабілеттілікті және қоғамдық өмірге белсенді қатысуды айқындайтын ынталандырушы болуға тиіс.
Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттерінің бірі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар жалпыұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған.
Бағдарламаны іске асырудың табыстылығы жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету кезінде негізгі бағдарламалық шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына интеграциялау жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен бірге, осы іс-шаралардың практикалық нәтижелеріне қол жеткізу үшін республиканың барлық мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, оның ішінде ұлттық компаниялар мен қаржы ұйымдарының бірлескен күш-жігері қажет.
Ағымдағы жағдайды талдау
Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру жолымен жолға қойылады.
1997-2000 жылдары – 1997 жылы "Тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен және тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітумен қоғамдық өмірдің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізін қалыптастыру басталады.