GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 марта 2026
Ашықтық қағидаттарын іске асыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Саран қаласының Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі жиі қойылатын сұрақтар тізімін дайындады
11 февраля 2026
Баспасөз хабарламасы Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

27 августа 2025
Құқықтық көмек бір ғана басу арқылы: eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша ұсыныстар іске асырылды

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында және GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында алаяқтық, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, қалыңдық ұрлау, самокатшылар, жол-көлік оқиғалары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету маршрутизаторы іске асырылды.

Жаңартылған сервистер халыққа құқықтық тәуекелдер мен қауіптер бойынша қарапайым және түсінікті кеңестерді, құқықтық өзін-өзі қорғау және кеңес беру құралдарын, қылмыстық қудалау органдарына онлайн өтініш беру үшін 102-ге, «Qamqor.gov.kz» сервисіне тиісті сілтемелерді ұсынады.

Осыған ұқсас GOV.KZ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында іске асырылды.

# Заң_мен Тәртіп

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Коммуналдық мүлікті басқару
28 мая 2025
Ашықтық қағидаттарын іске асыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Саран қаласының Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі тұрғындардан жиі қойылатын сұрақтар тізімін дайындады
11 марта 2025
Саран қаласы әкімінің халықпен кездесуі
30 января 2025
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің көлемі 490,7 млрд. теңгені, немесе 2023 жылмен салыстырғанда 114,9% (426,9 млрд. теңге), нақты көлем индексі – 116,0% (2023 жыл-94,7%), ҚР – 113,8%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 286,1 млрд. теңге, НКИ 127,3% (2023 ж.-239,4 млрд. теңге, НКИ – 90,5), мал шаруашылығында – 204,2 млрд. теңге, НКИ 101,7% (2023 ж. – 187,2 млрд. теңге, НКИ-101,9%) құрады.
Жоғарғы көрсеткіштер қарқыны Осакаров (147,0%), Нұра (138,8%), және Бұқар-Жырау (113,3%) аудандары бойынша тіркелді.
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің артуы қамтамасыз етілді. Ет өндірісі 2,9 %-ға (100,4 мың тонна), сүт - 2,8%-ға артып, (211,0 мың тонна), 625,0 млн. дана жұмыртқа өндірілді (2023 ж. – 672,3 млн. дана).
Жалпы, жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басының өсуіне қол жеткізілді.
Ірі қара мал басы - 16,5%-ға (431,7 мың бас) (2023 ж.- 370,7 мың бас.), жылқы - 13,0 %-ға (370,0 мың бас), (2023 ж.- 327,4 мың бас), қой, ешкі - 14,8 %-ға (685,6 мың бас), (2023 ж.-597,2 мың бас), шошқа - 1,4%-ға (69,4 мың бас) (2023 ж. – 68,4 мың бас), құс - 4,8%-ға (3440,4 мың бас). (2023 ж.-3282,2 мың бас) ұлғайды.
Облыстың ауыл шаруашылығында соңғы 13 жылда алғаш рет рекордтық дәнді дақылдар өнімі алынды. Егіс науқанының басында қалыптасқан қиын ауа-райына қарамастан, қажырлы еңбектің, мемлекеттік қолдау шараларының және қарқынды технологияларды қолданудың арқасында облысымыздың шаруашылықтары 1,3 млн. тоннадан астам астық жинады.    
909,3 мың гектар алқаптан орташа түсімі 15 центнерден 1 364 мың тонна астық бастырылды, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе артық (2023 ж.-679,4 мың тонна), оның ішінде 766,6 мың гектар алқаптан 1166,2 мың тонна бидай жиналды.
34,9 мың га алқаптан өнімділігі 7,0 ц/га болғанда – 24,5 мың тонна майлы дақыл, (2023 ж – 21,3 мың га-дан 10,7 мың тонна жиналды (өнімділік – 5,0ц/га)) жиналды.
15,4 мың гектардан 409,2 мың тонна картоп (2023 ж – 364,2 мың тонна) (өнімділік 264,9 ц/га) (2023 – 172,9 ц/га) және 2,02 мың гектардан 73,0 мың тонна көкөніс жиналды (2023 ж – 78,6 мың тонна ) (өнімділік 360 ц/га) (2023 – 288,6 ц/га).
Бұл көрсеткіштерге қарқынды технологияларды қолдану есебінен қол жеткізілді. Минералды тыңайтқыштарды енгізу алаңы 136 мың гектарға ұлғайтылды (28,7 мың тонна сатып алынды), бұл ретте 40% - ға артық АШТӨ қамтылды (79 дан 111 ге). Жоғары өнімді тұқымдарды қолдану алаңы 52,7 мың гектарға (816,5-тен 869,2 мың гектарға дейін) ұлғайтылды, бұл ретте АШТӨ-ні қамту көрсеткіші 23%-ға өсті (139 дан 171 АШТӨ-ге).
Қыстан малдың қолайлы шығуы үшін 2,2 млн. тонна шөп дайындалды.
Облыс бойынша 16,9 млрд. теңге сомасына 862 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы (2023ж. -931 бірлік) сатып алынды. 
АӨК негізгі капиталына инвестиция тарту көлемі 2024 жылдың 12 айында 29,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылдың деңгейінен 3,3 млрд. теңгеге артық.
17,6 млрд. теңге сомасына 30 жоба жүзеге асырылып, 167 жұмыс орны құрылды. 
3 169 АШТӨ-ге 23,5 млрд. теңге сомасына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. 
2025 жылға арналған жоспар.
Ағымдағы жылы, АӨК саласының негізгі міндеті - өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде жұмыс жалғастырылатын болады.
Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша 2021 - 2030 жылдарға арналған Тұжырымдамасы және Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасында көзделген міндеттерді жүзеге асыру есебінен ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге баса назар аударылатын болады. 
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісі көлемі 2025 жылы 522,0 млрд. теңге деңгейінде, НКИ - 103,5% құрайды. 
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын 43,9 мың гектарға ұлғайтып, 1 204,8 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. оның ішінде дәнді дақылдар алқабы- 44,9 мың га-ға. 
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жоспарына сәйкес, бидай алқабын қысқарту есебінен майлы және азықтық дақылдарының егіс алқаптары ұлғайтылатын болады. 
Көктемгі егісті жүргізу үшін 109 мың тонна астық тұқымы себілді, оның 92,7% - ы немесе 101,0 мың тоннасы жоғары өнімді болды. 93,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алу жоспарланған. 
Суармалы жерлердің алқабын 3,4 мың гектарға ұлғайтып, 38,6 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. 
Сондай-ақ, машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары жалғастырылады. Осы мақсатта 1300 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарлануда.  
Мал шаруашылығында жалпы өнім өндірісі көлемінің өсуі (209,5 млрд. теңге) ІҚМ басын 2,0%-ға (440,3 мың басқа дейін), қой -ешкі - 3%-ға (706,2 мың басқа дейін), жылқы - 3,8%-ға (384,1 мың басқа дейін), шошқа- 1,0%-ға (70,1 мың басқа дейін) және құс - 3%-ға (3 543,6 мың басқа дейін) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілетін болады. 
Ет өндірісі көлемін - 2,2% - ға (102,6 мың тоннаға дейін), сүт - 3,3% - ға (218,0 мың тоннаға дейін), жұмыртқа - 3,5% - ға (646,9 млн. данаға дейін) өсіру жоспарлануда. 
Қайта өңдеу саласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және жаңа өндірістер құру жолымен өнім өндіріс көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға баса назар аударылатын болады. 
Ағымдағы жылы АӨК-ке тартылатын инвестиция көлемі 31,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарланған. 
Биылғы жылы 36,4 млрд. теңге сомасына 24 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. 
Берілген индикаторларға қол жеткізу үшін әлеует пен резервтер жеткілікті.
 
 
 
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы
15 января 2025
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны бойынша көш бастап тұр.

2024 жыл Қазақстанның тұрғын үй саясаты үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Ол азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреді. «Отбасы банкі» «Бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтар арасында тұрғын үйді тіркеу және бөлумен айналысатын толыққанды даму институтына айналады. Реформа тұрғын үй алу кезегіндегі азаматтарға баспана беру процесінің ашықтығын арттыру мақсатында жүргізілді.

Сондай-ақ осы заң аясында жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлерде тұратын 71 мыңға жуық азаматқа пәтерлерін жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Жалдамалы тұрғын үй иелерінің көпшілігі халықтың әлеуметтік осал топтары, ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, жетім балалар және т.б.

Әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды. Оның 13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды.

Одан бөлек, 2300 азаматқа ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттары түрінде 2,6 млрд теңге бөлініп, 10,4 мың азаматқа тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалдау ақысының бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй төлемдері субсидияланды.

«Наурыз» және «Отау» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2024 жылы 10 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 64 мыңға жуық отбасын қолдауға мемлекет 1 трлн. теңге бөлген. Мемлекет жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады.

2025 жылы елімізде 19 млн. шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн. шаршы метр салу жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.

22 октября 2024
Саран қаласы әкімінің халықпен кездесуі
26 марта 2024
Саран қаласы әкімінің халықпен кездесуі
11 августа 2023
«БЖЗҚ» АҚ телефон алаяқтығының жаңа түрі туралы ескертеді

Соңғы кезде алаяқтар телефон арқылы алдаудың жаңа схемаларын ойлап тапты. Себебі, телефон қоңыраулары – күтпеген жаңалықты естіп, абдырап қалған адамнан құпия ақпаратты алудың немесе оны алаяқтың шотына ақша аударуға мәжбүрлеудің ең көп таралған тәсілдерінің бірі.

Телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрі – өзін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, қандай да бір компанияның бас бухгалтеріне қоңырау шалып, сол ұйымның қызметкерінің зейнетақы шотының бұғатталғаны туралы хабарлайды. Себебі оның компания БСН-ы бар транзиттік шоттарына тыйым салынған. Бұғаттан шығару мақсатында бухгалтерлерге алаяқтардың шотына берешек соманың жартысын салуға кеңес береді, әйтпесе компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы есептемегені үшін айыппұл салынады деп қорқытады.

Осылайша, телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқтар өз құрбандарын олардың шоттарына үлкен аударымдар жасауға итермелейді. Зиянкестер әлемнің кез-келген елінде болуы мүмкін және көбінесе телефон нөмірлерін интернет желісінен табады, жәбірленушінің аты мен әлеуметтік жағдайын әртүрлі мессенджерлер мен қызметтер арқылы әлеуметтік желілерден біледі.  

Мұндай алаяқтық нысанасы болып қалған жағдайда, төмендегілерді білгеніңіз маңызды:

  • БЖЗҚ функцияларына салымшылар мен алушыларға жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақыл-кеңес беру, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебі және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кіреді;
  • зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен уақытылы жүргізілуін БЖЗҚ емес, салық органдары бақылайды;
  • зейнетақы жарналарын ұзақ уақыт бойы төлемеген жағдайда, БЖЗҚ қызметкерлері салымшыларға төлем жасамау себебін анықтап, қажетті ақыл-кеңес кеңес беру мақсатында ғана қоңырау шала алады;
  • БЖЗҚ қызметкерлерінің қаражатты белгілі бір шотқа аударуды талап етуге құқығы жоқ.

Кез-келген ақыл-кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен де, қашықтықтан да алуға болады:

көп арналы тегін байланыс арқылы,  байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі берілген.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы