Меню

Страницы

Статья

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу

Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемдері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

Әлеуетті өнім беруші өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейтін, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мәліметтер қамтылған бір ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде баға ұсыныстарын салыстыруды және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығаруды жүргізеді.

Ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы мемлекеттік сатып алу веб-порталында олар шығарылғаннан кейін автоматты түрде орналастырылады

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Сөз сөйлеу
02 сентября 2022
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ
Сөз сөйлеу
16 марта 2022
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы