Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оны өткізуді мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.
Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте тауар аукцион нысанасы болып табылады.
Аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарау қорытындысы бойынша айқындалған, біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
Аукциондық комиссия біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
Аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, аукциондық комиссия аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келеді деп қарайды.
Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға жіберу туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.
Аукционға қатысуға жіберу туралы хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні – аукционды өткізу күні болып табылады.
Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.
Өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен аукцион өткізіледі.
Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасының жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.
Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, онда баға туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендету көзделеді.
Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төмен бастапқы бағасынан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
Егер аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға осы қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы емес
Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап 30 минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін 10 минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бірде-бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде айқындайды.
Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.
Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-бірі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы деп танылады.
Аукциондық комиссия біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды жүзеге асырады.
Аукциондық комиссия аукционға қатысуға арналған өтінімдерді қарауды бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімінен бастайды.
Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама қалыптастырылады. Бұл ретте аукционға қалған қатысушылардың өтінімдері ашылмайды.
Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия мұндай өтінімді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама қалыптастырылады. Мұндай жағдайларда аукциондық комиссия бағасы ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушінің өтінімін қарауға көшеді.
Аукциондық комиссия аукцион өткізілген және (немесе) мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы аралық хаттама орналастырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға арналған әрбір өтінімін біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.