Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған әлеуетті өнім берушілер қатысады
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінің мерзімі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс
Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісімін, сондай – ақ әлеуетті өнім берушінің ол туралы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі-Заң) 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді оны конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасайтынына және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізетініне кепілдік ретінде енгізеді.
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) электрондық құжат нысанында берілетін банк кепілдігін қамтуға тиіс.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, Мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде қалыптастырады және орналастырады.
Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: :
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөздер жүргізу қажет;
2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер немесе әзірлемелер жүргізу қажет;
3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынады.
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурс, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурс, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде біліктілік органы білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады;
2) екінші кезеңде Тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
Біліктілікті алдын ала іріктеу арқылы конкурс, негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурс, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.