
Мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету мәселелерін шешу Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы маңызды басымдық болып табылады. Сондықтан мемлекет мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) Қазақстанның экономикалық стратегиясын трансформациялаудың негізгі элементі болып табылатын жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жалғасы болып табылады.
Саран қаласы бойынша жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 2 объектісін іске асыру көзделген, оның ішінде «Саран тынысы» ЖШС (орындау мерзімі 2021 жыл) және «Сараньтеплосервис» ЖШС (2023 жылғы желтоқсан).
2021 жылға қарастырылған іс-шара орындалды.
Кәсіпорындарды жекешелендіру процесімен Мемлекеттік мүлік тізілімінің активтерін басқарудың цифрлық тұғырнамасынан танысуға болады (http://privatization.gosreestr.kz).