Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік сатып алу

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу – бұл Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетумен байланысты кірістерді қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара және (немесе) өз кірістері есебінен сатып алуы.

Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, сондай-ақ басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес реттеледі.

Сатып алу процесі goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталында өтеді. Веб-портал бұл мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі.

Порталға кіру үшін пайдаланушы ретінде тіркелу рәсімінен өту және тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе жеткізуші ретінде өз ұйымын тіркеу қажет. Тіркеу бойынша барлық нұсқаулықтар веб-порталдағы «Анықтама» арнайы бөлімінде орналасқан:

Тапсырыс Берушінің нұсқаулығы;

Ұйымдастырушының нұсқаулығы;

Жеткізушінің нұсқаулығы

 

Сондай-ақ, «Анықтама» бөлімінде Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (2019 жылғы 31 қазандағы № 1201); Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (08.06.2020 № 235) шеңберінде сатып алуды ұйымдастыру және өткізу нұсқаулықтарымен танысуға болады.

Мемлекеттік органдарда жүргізіліп жатқан сатып алулар туралы ақпаратты қарау үшін хабарландырулар, лоттар бөлімдеріне өту қажет, квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың сатып алуларын олардың жеке бөлімінен табуға болады.

Тіркелу үшін egov.kz порталында электрондық сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет не жеке Азаматтарға арналған үкіметтің филиалдарына (ХҚКО) жүгінген кезде және «Мемлекеттік сатып алу» модулімен NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.

Документы
Тізбе
19 сентября 2022
Мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Тізбе
19 сентября 2022
Мемлекеттік сатып алу үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға)сәйкес жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі
Тізбе
19 сентября 2022
Мемлекеттік сатып алу негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік сатып алу
Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Медиагалерея
2
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
0
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Саран қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы