Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қызметі

1. Жалпы ережелер

1. Приозерск қаласының «Мемлекеттiк активтер және сатып алулар бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Бөлім) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Бөлімнің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: Приозерск қаласының «Мемлекеттiк активтер және сатып алулар бөлімі» мемлекеттiк мекемесi;

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел государственных активов и закупок» города Приозерск.

10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Бөлімнің миссиясы: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, қалалық коммуналдық мүлікті басқару.

14. Міндеттері:

1) қала әкімдігімен анықталатын бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

2) қалалық коммуналдық мүлікті басқару.

15. Функциялары:

1) мемлекеттік сатып алу саласындағы функциялар:

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді, сондай-ақ, қала әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асыру;

конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру;

тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберу;

мемлекеттік сатып алу мониторингісі мен уәкілетті орган ретінде қаланың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын есептілікті қорытындылауды жүзеге асыру;

мемлекеттік сатып алу саласында түсініктеме беру жұмыстарын жүргізу;

мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру;

2) қалалық коммуналдық мүлікті басқару және жекешелендіру саласындағы функциялар:

қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге ақша беру туралы қаулылардың жобаларын әзірлеу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын ұйымдастыру;

өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті (тұрғын үйден басқа) пайдалануды бақылау бойынша ұсыныстар әзірлеу, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

өз құзiретi шегiнде қалалық мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi қаражатты қабылдау-тапсыру және шығару мәселелерiн мақұлдау;

қалалық мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкiн есепке алуды ұйымдастыру;

қалалық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша саудалар өткiзу туралы хабарламаны жариялау үшiн мерзiмдi баспасөз басылымын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс өткiзу;

қалалық коммуналдық мүліктi жекешелендiрудi iске асыру, соның ішінде жекешелендіруді бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасау және сатып алу-сату шарттарының сақталуын бақылауды iске асыру;

қалалық коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға мүлiктiк жалдауға (жалға алу) беру (мемлекеттiк тұрғын үй қорының объектiлерiнен басқа);

мемлекеттiк заңды тұлғаларға өтеусiз пайдалануға қалалық коммуналдық мүлiктi беру;

коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне коммуналдық мүлiктi беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша облыстық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;

қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, соның ішінде оны жалға алуға және өтеусіз пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде іске асырылатындарды қоспағанда, сенімгерлік басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

қалалық коммуналдық мүлік құрамына кіретін қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі (дамуы) жоспарларының орындалуына талдау жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша мемлекеттік заңды тұлғалардан ақпарат сұрау;

2) коммуналдық меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарына сәйкес олардың міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ басқа да шарттық міндеттемелерді орындау мақсатында, қалалық коммуналдық мүлікті сатып алушылардан ақпарат сұрау;

3) осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген құқықтарды іске асыру үшін мүдделі органдармен келісім бойынша ведомствоаралық комиссиялар құру;

4) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрау және алу;

5) Степногорск қаласының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, негізгі бағыттар бойынша қаланың әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Степногорск қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Бөлім басшысының өкілеттігі:

1) өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Бөлім атынан өкілдік етеді;

6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

20. Бөлімнің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздердегі мүлік есебінен (ақшалай кірістерді қоса отырып) қалыптастырылады.

21. Бөлімге бекітілген мүлік қалалық коммуналдық мүлікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі

23. «Мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

24. «Мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 09.00 – 18.30 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30 дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Қызметі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы