GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Logo of the Committee of State Property and Privatization of the Ministry of finance of the Republic of Kazakhstan
Меню
Страницы
Комитет туралы
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
14 октября 2026
ҚР ҚМ Мемлекетті мүлік және жекешелендіру комитетінің кеңейтілген Алқа отырысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен Комитеттің кеңейтілген Алқа отырысы өтті.

Отырыс барысында 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары, Комитет қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін жетілдіру перспективалары қаралды.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әбілқасымұлы Әділбеков Кіріспе сөз сөзбен Алқа отырысын бастады.

Күн тәртібіне сәйкес «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ вице-президенті Шухрат Ташмахамедұлы Батталов «Мемлекеттік мүлікті басқару архитектурасы» тақырыбында баяндама жасады.

Бұдан кейін «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Қуанышбек Жақсыбекұлы Мұқаш Компанияның 2026 жылдың тоғыз айындағы қызметінің қорытындылары туралы есеп берді.

Сонымен қатар отырыс қатысушылары мемлекеттік мүлік тізілімінде тәркіленген мүлікті басқару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру барысын қарастырды. Аталған мәселе бойынша Комитет Төрағасының орынбасары Әділ Әдірұлы Мелисов баяндама жасады.

Отырыс барысында мемлекеттік мүлікті басқару процестерін одан әрі жетілдіру, Комитет функцияларын цифрландыру және автоматтандыру мәселелері, жұмыс тиімділігін арттыру және Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

 

02 октября 2026
Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі

Бүгін  ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Дамирұлы Байғазиев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Қарағанды облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Рустембекова, БАҚ өкілдері қатысты.

Комитет төрағасының орынбасары  Нұржан Дамирұлы Байғазиев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жұмысының негізгі нәтижелерін ұсынып, «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде Комитеттің қызметі қалай іске асырылатыны туралы айтты.Кездесуге қатысушылар жекешелендіру және электронды сауда-саттыққа қатысты сұрақтар қойды.Қойылған сұрақтардың барлығына жауап берілді.Кездесу барысында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті үшін күделікті қызметте Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау  «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделетінін атап өтті.

22 сентября 2026
Қаржы министрлігі e-Qazyna платформасында мемлекеттік мүліктің бірыңғай цифрлы есебін енгізуді қолға алды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің өкілдері мемлекеттік мүлікті басқарудың цифрлы трансформациясы мен e-Qazyna.kz платформасын дамыту бағытындағы жұмыс жөнінде айтып берді.

Қолға алынған жұмыстар туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков пен «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов тізбектеп берді. Ведомство өкілдері айтқандай, биылғы Цифрландыру және жасанды интеллект жылында мемлекеттік активтерді басқару саласында цифрлы құралдарды одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғастырылып келеді.

Мәселе, e-Qazyna платформасында бүгінде 40 цифрлы сервис қамтылған. Олардың қатарында мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды есепке алу, электронды сауда-саттық, жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті жалға және сенімгерлік басқаруға беру, мемлекеттік меншікті мониторингтеу және басқа да процестер бар.

Негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік активтерді бытыраңқы есепке алудан e-Qazyna.kz базасындағы біртұтас цифрлы жүйеге көшіру. Бұл бағыттағы жұмыс 2029 жылға дейінгі жол картасы аясында атқарылады. Осы жұмысқа сәйкес мемлекеттік мүлік нысандары мен басқару субъектілерінің цифрлы бейіндері қалыптастырылып жатыр. Олар активтердің бүкіл өмірлік циклін бақылап, нысандардың өзекті фотосуреттері мен географиялық координаттарын, сондай-ақ болашақта ғарыштық мониторинг деректерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы мүлікті цифрлы есеп-қисабына да ерекше мән беріліп келеді. Аталған бағытта «бұлтты» бухгалтерияны енгізу, e-Qazyna-ны «е-Қаржымині» жүйесімен интеграциялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүлкін ішкі корпоративті есепке алуды автоматтандыру жоспарланған.

Ұлттық және стратегиялық ресурстарды есепке алуды цифрландыру жұмыстары да нығайып жатыр. Перспективада Мемлекеттік тізімнің бірыңғай цифрлы базасында жер және су ресурстары, орман қоры, жерасты сулары, көмірсутек және қатты пайдалы қазбалар кен орындары туралы мәліметтерді автоматты түрде есепке алу көзделіп отыр.

Жүйені дамытудың келесі кезеңі жасанды интеллект және Big Data технологияларын енгізумен байланысты. Оларды қолдану тиісті нысандардың тозғанын болжауға, мүлікті тиімсіз пайдалану белгілерін анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік активтерді күтіп-ұстау мен жаңғыртуға арналған шығыстарды неғұрлым дәл жоспарлауға предиктивті аналитиканы пайдалануға жол ашады.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 79 функциясының 36-сы цифрландыруға әлеуеті зор. Бүгінде олардың 26-сы, яғни 72 пайызы автоматтандырылған. Биыл III тоқсанда тағы 8 функцияны қанатқақты режімде автоматтандыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің басқару органдарында электронды дауыс беру, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылары мен баланстарын бекіту бар.

Баланс ұстаушының цифрлы бейіні де кезең-кезеңмен енгізіледі. 2026 жылы оған ғимараттар мен құрылыстар, 2027 жылы жер учаскелері, ал 2028–2029 жылдары көлік, жабдықтар және басқа да актив түрлері енгізіледі.

Жоғарыда аталған платформаны дамыту мемлекеттік мүлікті басқарудың бірізді цифрлы экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттырып, оларды басқарудан түсетін кірістерді ұлғайтуға және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға оң әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

Республикалық меншік объектілерін сату
Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия
Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі
Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
17 сентября 2026
Алдағы қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, келесі мекенжайда орналасқан: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын түсіндіру бойынша мүдделі тұлғалар үшін қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы хабарлайды.

 

Тыңдауларды өткізу күні мен орны: 07.10.2026ж. сағат 12:00-де.

Қоғамдық тыңдаулар онлайн форматта (ZOOM платформасындағы бейнеконференция арқылы) өткізілетін болады.

        

Арнайы құқық субъектісінің атауы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ.

 

Арнайы құқық субъектісі қызметтерінің негізгі түрлері:

1) мемлекеттік меншікті есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу.

Контактные телефоны субъекта специального права и адрес интернет ресурса: +7 (7172) 55-29-81 внутр. 333, 122, 130, ссылка на интернет-ресурс: https://e-qazyna.kz/ru/Contacts

Уәкілетті органның байланыс телефондары және ғаламтор-ресурсының мекенжайы: +7 (7172) 71-77-55, +7 (7172) 71-70-82, ғаламтор-ресурсқа сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr?lang=ru

 

Арнайы құқық субъектісінің байланыс телефондары және ғаламтор-ресурсының мекенжайы: +7 (7172) 55-29-81 ішкі. 333, 1113, 130, ғаламтор-ресурсқа сілтеме: https://e-qazyna.kz/ru/Contacts

 

Қатысу үшін тыңдаушылар тізімін қалыптастыру үшін алдын ала тіркеуден өту қажет:

телефондар бойынша: +7 (7172) 71-70-82, +7 (7172) 55-29-81, ішкі. 333, 113

электрондық мекенжай бойынша: a_ryuganova@gosreestr.kz.

Қатысушыларды тіркеу тыңдау өткізілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.

31 августа 2026
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдебі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі — мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, сондай-ақ билік органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттің ең маңызды институттарының бірі.

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтауға, мінсіз беделді ұстануға, жағымсыз қоғамдық резонанс туғызуға немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер мен мінез-құлықтан тартынуға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормаларын реттейтін негізгі құжат — Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер мына қағидаттарды басшылыққа алуы тиіс:

1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;

5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;

6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға, мүдделер қақтығысына жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға, қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтауға және лауазымдық өкілеттіктерін тек мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін пайдалануға міндетті. Өз қызметінде ол парасаттылықтың, жауапкершіліктің және кәсібиліктің үлгісі болуы тиіс.

Азаматтармен қарым-қатынас мәдениетінің ерекше маңызы бар. Азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуы, дөрекілік, ар-намысын, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуі, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс.

Мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті де маңызды. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің рухани мәдениетінің жоғары деңгейі халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын дамытуға ықпал етеді.

Осылайша, қызметтік әдеп нормаларын сақтау — тиімді, кәсіби және азаматтардың мүдделеріне бағытталған мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады. Атап айтқанда әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

Республикалық мемлекеттік

заңды тұлғалармен жұмыс

басқармасының басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкіл

А.Ж. Сайдалина

29 июля 2026
Байғазиев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының бұйрығымен Нұржан Дамирұлы Байғазиев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Комитет ұжымына төрағаның жаңа орынбасарын Комитет төрағасы Нұрмахан Әбілқасымұлы таныстырды.

Байғазиев Нұржан Дамирұлы 1981 жылғы 1 мамырда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, МГТИ-Лингва Орталық Қазақстан университетін және «Қаржы академиясы» АҚ тәмамдаған. «Құқықтану», «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 27 жылдан астам еңбек өтілінде мемлекеттік органдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде, Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер комитетінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары Атырау облысы бойынша Салық департаментін, Астана қаласының Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарған, сондай-ақ «Астана – жаңа астана» Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2024 жылдан бастап «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

29 июля 2026
Әділ Әдірұлы Мелісов ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының бұйрығымен Әділ Әдірұлы Мелісов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Комитеттің ұжымына төрағаның жаңа орынбасарын Комитет төрағасы Нұрмахан Әбілқасымұлы таныстырды.

Мелісов Әділ Әдірұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін және Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 2016 жылы бастаған. Кәсіби мансабының едәуір бөлігін Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде жұмыс істеуге арнады.

2023 жылдан бастап 2026 жылға дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарды.

2025 жылдан бастап 2026 жылға дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

17 июля 2026
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша халықпен кездесу

       14 шілдеде Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында, азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті.

        Кездесуді Алматы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікке билік ету бөлімінің басшысы Мұхтар Тоқтарұлы Өмірбеков өткізді.

        Іс-шара барысында азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қажетті құқықтық ақпарат пен түсініктемелер алуға мүмкіндік берді

03 июля 2026
Заң және Тәртіп: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше семинар өткізді

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға және заңнаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық семинар өтті.

       Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері Д. Байбазаров пен Е. Санатов алкогольдік ішімдіктерді ішуге және қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге, сондай-ақ көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнаманың нормалары, жауапкершілік түрлері және осындай құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

       Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Материалды неғұрлым көрнекі қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызметкерлерінің қатысуымен интерактивті ойын ұйымдастырды, оның барысында өмірлік мысалдармен есірткі құралдарын қолданудың жойқын салдары көрсетілді. Қатысушылар есірткіге тәуелділіктің адам тағдырына қалай әсер ететінін, отбасылық қатынастардың бұзылуына, денсаулығының, әлеуметтік мәртебесінің жоғалуына әкелетінін және көбінесе қылмыс жасауға себеп болатынын көре алды.

      Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілерде жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңдылық пен жеке жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға бағытталған шараларды дәйекті түрде іске асырады.

Республикалық меншік объектілерін сату
Меншіктің мемлекеттік мониторингі, сенімгерлік басқару және концессия
Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі
Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
Сыбайлас жемқорлық картограммасы
12 июня 2026
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы ОКҚ алаңында сөз сөйледі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын таныстырды.

Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджетке мемлекеттік активтерді басқарудан 193,2 млрд теңге кіріс түсті. Оның ішінде мемлекеттік акциялар пакеттері бойынша дивидендтер, қатысу үлестерінен түскен кірістер және мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігі бар.

Негізгі нәтижелердің бірі – 2021–2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарының аяқталуы болды. Бәсекелестік ортаға мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 402 объектісі 977,2 млрд теңге сомасына берілді, тағы 68 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. Ең ірі мәмілелер қатарында жалпы сомасы шамамен 187 млрд теңгені құраған «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана» және KEGOC ұлттық компанияларының IPO лары бар.

2026 жылдан бастап мемлекеттің экономикадағы үлесін одан әрі қысқартуды көздейтін 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Оңтайландыру жоспары іске асырылуда. Жоспар мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 500 объектісін қамтиды. Бүгінгі күні 42 объект бойынша іс-шаралар орындалды.

Мемлекетке қайтарылған активтерді басқару жұмыстары жалғасуда. Арнаулы мемлекеттік қорға түскен қаражаттың жалпы көлемі 593,2 млрд теңгеге жетті. Осы қаражат есебінен еліміз бойынша денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау, спорт, көлік және энергетика салаларындағы жалпы сомасы 553,7 млрд теңгені құрайтын 483 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба қаржыландырылды.

Мемлекеттік мүлікті басқару процестерін цифрландыру маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Жекешелендірудің барлық рәсімдері 54 мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланған және 368 мыңнан астам пайдаланушысы бар «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы ашық электрондық сауда форматында өткізіледі.


2026 жылы Комитет Оңтайландыру жоспарын іске асыруды, процестерді цифрлық трансформациялауды және мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыруды жалғастырады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы