Logo of the Committee of State Property and Privatization of the Ministry of finance of the Republic of Kazakhstan

Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО елдерінен 15 мыңадам БЖЗҚ-ғазейнетақыжарнасынаударды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БиылҚазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға қатысушы елдердің 15 мыңдай азаматы өздерінің тапқан табысынан Бірыңғай жинақтаушы зейнет ақы қорына (БЖЗҚ) 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қолқойылды. 2020 жылғы 7 желтоқсанда ҚР «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданып, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

«ЕАЭО елдерінің азаматтары басқа мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде, оларды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін құқықтық реттеу, жұмыс күшінің жүріп-тұру жолында осыған дейін болған кедергіні жоюға мүмкіндік берді және еңбек қызметін заңдастыруға қосымша ынталандырып отыр. Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілері еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болды», - делінген Еңбекминистрлігі мәліметінде.

ЕАЭО-ға қатысушы әрбір ел еңбек етушіге оның аумағында жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы төлеуге (экспорттауға) міндеттенеді. Зейнетақыны ЕАЭО-ның басқа елінде тұратынына қарамастан, еңбек етуші өзінің еңбек қызметін жүзеге асырған ЕАЭО-ға мүше мемлекет төлейтін болады.

Қазақстанда Келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган ретінде БЖЗҚ белгіленді. Келісім аясында Қазақстанда ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің еңбек етушілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады. Өйткені олар елімізде тұрақты тұратын азаматтармен және шетелдіктермен тең жағдай да биылдың басынан БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстанның ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен аударуды жүргізуде.

Дата публикации
23 ноября 2021
Дата обновления
23 ноября 2021
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

13 августа 2026
Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Ақпарат
21 июля 2026
Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Пайдалы ақпарат
30 июня 2026
Практику Казахстана по управлению возвращёнными активами представили на международном семинаре

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы