
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 894 қаулысымен 500 ұйымды, соның ішінде жекешелендіру (бәсекелес ортаға беру), сенімгерлік басқаруға беру, қайта ұйымдастыру, тарату, компаниялардың жарғыларынан қызмет түрлерін алып тастау жолымен оңтайландыру бойынша іс-шараларды көздейтін Оңтайландырудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді.
2026 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша Оңтайландыру жоспарының 42 объектісіне қатысты іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде 7 объекті 41,1 млрд. теңге сомасына сатылды, 3 объекті сенімгерлік басқаруға берілді, 5 объекті таратылды, 24 объекті қайта ұйымдастырылды, 3 объекті бойынша қызмет түрлері алып тасталды.