
«Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 824 Қаулысымен «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (бұдан әрі - Басқарушы компания) құрылды, Арнайы мемлекеттік қор (бұдан әрі - Қор) ашылды, қажетті құқықтық актілер бекітілді, оларды қабылдау заңмен шартталған.
Ақшалай нысандағы активтерді қоспағанда, ерікті немесе мәжбүрлеу тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылған активтер Басқарушы компания мүлкінің құрамына қабылданады.
«Басқарушы компания берген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағидалар) компанияны Заңда көзделген негіздер бойынша келіп түскен активтерді басқару тәртібі бекітілді.
Қағидаға сәйкес активтерді сату қорды толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және басқарушы компанияны оның мүлкінің құрамына түскен активтерді басқарудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл ретте активтер ерекшелігіне қарай, оларды өткізгенге дейін мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға берілуі немесе консервациялауға жатқызылуы мүмкін.
Бұдан басқа, мемлекет мүдделі активтер мемлекет меншігіне берілуі мүмкін.