Logo of the Committee of State Property and Privatization of the Ministry of finance of the Republic of Kazakhstan

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының 4 айдағы таза инвестициялық кірісі 469 миллиард теңгеден асты

 2023 жылдың 4 айында БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына 469,04 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 340,32 млрд теңгеге немесе 3,6 есеге артық.

 

ҚР Ұлттық Банкі қамтамасыз еткен зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айдағы кірістілік – 8,93%.

 

 Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістерден, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. Зейнетақы активтерін басқаратын ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін еліміздегі және шетелдегі экономиканың сан-алуан секторларының түрлі қаржы құралдарына инвестициялық кіріс алу мақсатында орналастырады. Мұндай әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, портфельді әртараптандыру есебінен 4 ай ішінде оң инвестициялық табыс алынды.

 

 Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерінің қысқа уақыт ішіндегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің объективті көрінісін көрсетпейді. БЖЗҚ зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекке ие және инвестициялаудың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімді кезеңде нақты табыс алу.

 

 Айта кетейік, жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жылы) 2023 жылғы 1 мамырдағы инвестициялық табыстылық бүкіл кезеңдегі инфляция 710,74% болған кезде 758,38% құрады. Демек, ұзақ мерзімді перспективада жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.

 

 Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар екенін еске саламыз. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.

 

 Инвестицияларды басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың бүкіл жүйесі қолжетімді және ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісінің өсу серпінін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.

 БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

 

 Көптеген қызықты және пайдалы ақпарат, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттары – БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасында жарияланады.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
26 июня 2023
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

13 августа 2026
Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Ақпарат
21 июля 2026
Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Пайдалы ақпарат
30 июня 2026
Практику Казахстана по управлению возвращёнными активами представили на международном семинаре

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы