Logo of the Committee of State Property and Privatization of the Ministry of finance of the Republic of Kazakhstan

Меню

Страницы

Статья

Алаяқтарға алданып қалмаңыздар!

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлайды.

Жалған делдалдар өздерін Қордың қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлерге ақысын төлесе, зейнетақы жинақтарының 50% кез-келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынуда. Бұл ақпарат "жалған" және шындыққа сәйкес келмейді!

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалануы:

Ø егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін 40 пайыздан төмен емес деңгейдегі алмастыру коэффициентімен қамтамасыз етсе көзделген. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да ақпарат көздерінде таратылып жүрген, жоғарыда аталған шарттарды ескермей, ақылы түрде жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы хабарламаларды елемеуге қатаң кеңес береді!

Маңызды! БЖЗҚ жүргізетін барлық операциялар тегін жасалады!

БЖЗҚ үшінші тұлғаларға хабарласпауды және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтынан немесе Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ғана тексеріп, көз жеткізген дұрыс екенін ескертеді.

 Кез келген ақыл-кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу арқылы көп арналы тегін байланыс арқылы қашықтан, сондай-ақ, "Одноклассники", Telegram, "Facebook", "В контакте", "Twitter" және "Instagram" сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsАрp көмегімен тегін алуға болады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10- 60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған "Онлайн қоңырау шалу" сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігінің бар екенін де ескертеміз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Дата публикации
07 апреля 2023
Дата обновления
07 апреля 2023
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

13 августа 2026
Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Ақпарат
21 июля 2026
Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама
Пайдалы ақпарат
30 июня 2026
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының тәжірибесі Құқық қорғау органдары академиясында таныстырылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы