БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7375 болып тіркелген)мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:
3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік мекемелер «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы
15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 230 бұйрық) нысандар бойынша жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте тапсыруға қалыптастырылады.»;
Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
1) электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жасалады. Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және
№ 230 бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;
2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.»;
11-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелер қайта бағалау моделін қолданған немесе активтерді бағалаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.»;
Бірыңғай әдістемеге 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Бірыңғай әдістемеге 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа
2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін
осы бұйрықтың 1-тармағының он төртінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.