Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармағы тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудандық уәкілетті орган – аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
2) геоақпараттық есеп - жерді қашықтықтан зондтау арқылы алынған деректерді жинау, енгізу, өңдеу және талдау;
3) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам мен акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органы – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
5) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай цифрлық автоматтандырылған жүйесі;
6) мемлекеттік мүлік тізілімінің цифрлық мониторингі - мемлекеттік мүлік тізілімінің мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелермен және дерекқорлармен интеграциялық өзара іс-қимылы, оның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау арқылы мониторинг объектілерінің ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді көздейтін мониторингтің бастапқы кезеңі;
7) мониторинг объектісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік мүліктің құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға), концессияға не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері;
8) мониторинг субъектілері – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық уәкілетті орган, аудандық уәкілетті орган, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі бойынша уәкілетті орган;
9) облыстық уәкілетті орган – облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
10) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.».
11-тармағының 1) және 2) тармақшаларын мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 18 бұйрығына сәйкес әзірленген тізілімде ұсынылған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерде;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 22 және 2025 жылғы 30 сәуірдегі №23 бұйрықтарына сәйкес әзірленген тізілімде ұсынылған мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерде көрсетілген қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері негізінде тізілімде орналастырылған мониторинг объектілерінің тізбесіне сәйкес жыл сайын талдау жүргізеді.».
4-тарау мынадай мазмұндағы толықтырылсын:
«4-тарау. Жер учаскелері, жер қойнауын пайдалану учаскелері, орман және аңшылық алқаптары, су шаруашылығы құрылыстары және су объектілері түріндегі мемлекеттік мүлік объектілеріне мониторингті жүзеге асыру ерекшеліктері
Жер учаскелері, жер қойнауын пайдалану учаскелері, орман және аңшылық алқаптары, су шаруашылығы құрылыстары және су объектілері түріндегі мемлекеттік мүлік объектілерінің мониторингі Жерді қашықтықтан зондтау деректері арқылы жүзеге асырылады.
Жер ресурстарын басқару, жер қойнауын пайдалану, орман және аңшылық шаруашылығы, су шаруашылығы құрылыстары мен су объектілері саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:
1) жер учаскелері, жер қойнауын пайдалану учаскелері, орман және аңшылық алқаптары, су шаруашылығы құрылыстары мен су объектілері түріндегі мемлекеттік мүлік объектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау, мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты (оның ішінде міндеттемелер мен шарттар талаптарының орындалуы туралы актілерді, есептерді және талдауларды) мемлекеттік мүлік тізілімінде ақпаратты толтыру және пайдаланылатын цифрлық жүйелердің мемлекеттік мүлік тізілімімен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы тізілімге күнтізбелік жылда кемінде бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қантарынан кешіктірмей ұсынады;
2) жер учаскелерінің, жер қойнауын пайдалану учаскелерінің, орман және аңшылық алқаптардың, су шаруашылығы құрылыстары мен су объектілерінің элементар учаскелер объектісінің орналасқан жері мен шекарасын (оның ішінде егістік, жайылым, блок, мөлдек, гидроқұрылысы, су айдыны) көздейтін цифрлық геоақпараттық есебін қамтамасыз етеді.
Нақты деректер мен Жерді қашықтықтан зондтау деректері арасында алшақтықтар анықталған жағдайда мониторинг субъектісі:
1) алшақтықтардың себептерін талдайды және техникалық сәйкессіздік болған жағдайда тізілімдегі деректерді өзектендіреді;
2) объектілерді тиімсіз пайдалану фактілері анықталған жағдайда ақпаратты Қазақстан Республикасының цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға береді.».
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 7,10,11,19,20,21,22,23,24,25,26 және 27-абзацтарды қоспағанда, олар 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов