2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі №КГИП-02-КГ/432-И хатына, және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департамент» РММ басшысының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №169 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау мақсатында жария талқылау жоспарлануда.
Жария талқылауды өткізу орны: Жетісу облысы, Талдықоған қаласы, Біржан сал, 130.
Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 5 ақпанында, сағат 15-00 –де.
Қатысуға шақырамыз.