ҚР ҚМ ММЖК-нің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қоғамдық талқылаудың
ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы 29 қаңтар 2026 жыл
Төрағалық етуші:
Койбагаров Гани Сагимбекович – департамент басшысы.
Қатысқан жұмыс тобының мүшелері:
Қатысқандар: жұмыс тобы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 08 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2026 жылғы 05 қаңтардағы №4/1 бұйрығына сәйкес, жұмыс тобы Тараз қаласы, Әл-Фараби көшесі №11 мекен жайы бойынша сағат 15:00-де департаменттің қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесіне қоғамдық талқылауды өткізді.
2026 жылдың 05 қаңтарында ҚР ҚМ Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің фейсбук және инстаграм желісінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесіне қоғамдық талқылау өтетіндігі туралы анонс жарияланды.
Талқылаудың мәні болып мыналар анықталды:
Талданатын кезең: 2025 жыл.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша жұмыс тобымен аналитикалық анықтама дайындалды.
Талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар берілді: