«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының 2025 жылғы 05 қаңтардағы №4/1 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2024 жылға арналған кезеңді (бұдан әрі – ағымдағы кезең) қамтиды.
І. Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікке билік ету бөлімі
Бірінші бағыт бойынша:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 Қаулысын, «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 04 тамыздағы №75 бұйрығын, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №920 Қаулысын, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығын басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі функциялары республикалық мүлікті сатуды ұйымдастыру, республикалық мүлікті жалға (жалға) беру, республикалық заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды қабылдау, беру және билік ету мәселелерін үйлестіру; республикалық мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе сенімгерлік басқару құқығына берiлген республикалық мүлiктiң тиiмдiлiгi мен нысаналы пайдаланылуын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалармен сенiмгерлiк басқару шарттарын жасасуға, уақытша өтеусiз пайдалануға және өзге де функцияларды орындауға байланысты құжаттарды дайындау.
Республикалық мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда-саттықтың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz веб-порталында электрондық сауда алаңы құрылған. Нысандарды жалға алуға өтінімдер www.e-qazyna.kz веб-порталы арқылы да электронды түрде қабылданады.
Тендерге қатысуға өтінім беру, тендерді өзі өткізу және мемлекеттік мүлікті жалға беру бойынша тендердің нәтижелерін тіркеу электронды платформада, яғни Департамент өкілдері мен тендерге қатысушылар арасында байланыссыз жүзеге асырылады, осылайша республикалық мүлікті жекешелендіру процесінің абсолютті ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.
Республикалық мемлекеттік мүлікті сату «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы № 920 Қаулысына сәйкес жүзеге асады.
www.e-qazyna.kz веб-порталы арқылы сауда-саттықтың электрондық нысаны қатысушының географиялық орналасуына қарамастан сауда-саттыққа қатысудың жалпы қолжетімділігін, кез келген жекешелендіру объектілерін жекешелендіру кезінде ашықтықты, жариялылықты, айқындылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл тұлға мен сауда-саттыққа қатысушының тікелей байланысын болдырмайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыйға тарту шарты «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 Қаулысына сәйкес жасалады.
Қатаң белгіленген іс-әрекеттер тізбегі мен кезеңдері, орындау мерзімдері Бөлім қызметкерлеріне өз бетінше қандай да бір шешім қабылдауға құзірет бермеуіне байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау қаупін жоқ, шығаратын актілерде көзделгеннен басқа мәселелерді шешудің басқа әдістерін қолдануға мүмкіндік бермейді.
Актілерді дайындау және бекіту туралы шешімді бұйрық немесе келісім хаты бойынша жоғары тұрған Комитет қабылдайтындықтан, актілерді дайындау және бекіту кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бөлімде субъектілердің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау жөніндегі бақылау-қадағалау функциялары, жедел әрекет ету сипатындағы шаралардан өзгесін қолдану функциясы жоқ, рұқсат беру қызметі де бөлім құзыретіне кірмейді.
Екінші бағыт бойынша:
Бөлім 3 қызметкерден тұрады: бөлім басшысы және 2 бас маман.
Ағымдағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Ешкім қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Бірінші бағыт бойынша:
Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қаулысына сәйкес, бөлімнің негізгі мақсаты жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрі пайдалану болып табылады.
Сауда-саттықтың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz веб-порталында электрондық сауда алаңы құрылған. Жекелеген негіздер бойынша келіп түскен мүлікті беруге және сатуға өтінімдерді қабылдау www.e-qazyna.kz веб-порталы арқылы электронды түрде, яғни Департамент өкілдері мен сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы байланыссыз жүзеге асырылады, бұл мүлікті беру және сату процестерінің абсолютті ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.
Екінші бағыт бойынша:
Бөлім 3 адамнан тұрады: бөлім басшысы және 2 бас маман.
Ағымдағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Ешкім қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.
III. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі
Бірінші бағыт бойынша:
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Азаматтық және Бюджет кодекстерін, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 05 наурыздағы № 393 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, бастапқы құжаттарды жүргізу, қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылау және т.б.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер құқықтық нормаларды белгілейтін барлық талаптарға сәйкес келеді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысының туындауына ықпал етпейді.
Екінші бағыт бойынша:
Бөлім 3 адамнан тұрады: бөлім басшысы және 2 бас маман.
Мүдделер қақтығысы болған жоқ. Ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.
Бірінші бағыт бойынша:
Активтерді басқару бөлімі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 01 шілдедегі № 106-VІІІ Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 09 қазандағы № 687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өзге де актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу және «Бірыңғай баланс ұстаушы» жобасы бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Заң мен Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталының жаңа платформасы енгізілді. Шарттарды жасасудың тек қана электрондық форматы порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы толық және сенімді ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік сатып алуды жеңілдету мен ашықтығына бағытталған электрондық және басқа да бірқатар нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Екінші бағыт бойынша:
Бөлім 2 адамнан тұрады: бөлім басшысы және 1 бас маман.
Мердігерді таңдау туралы шешім қабылдауға құқығы бар немесе Бөлім өкілі болатын Мердігердің жақын туыстары, жұбайлары немесе туыстары жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуларға қатыспаған.
Ағымдағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Ешкім қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Бірінші бағыт бойынша:
Кадр жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өзге де актілері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже, Департамент туралы ережелерді басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: кадр жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, құқықтық қамтамасыз ету, оның ішінде сот істерінде Департаменттің мүддесін білдіру және бөлім қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету, орындаушылық және еңбек тәртібін қадағалау.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер құқықтық нормаларды белгілейтін барлық талаптарға сәйкес келеді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен дискрециялық өкілеттіктердің туындауына ықпал етпейді.
Екінші бағыт бойынша:
Бөлім 2 адамнан тұрады: бөлім басшысы және 1 бас маман. Бас маман лауазымы бүгінгі таңда бос орын.
Мүдделер қақтығысы болған жоқ. Ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Жалпы Департаментте теріс себептермен қызметінен босатылған қызметкерлер жоқ, сонымен қатар, жақын туыстық қатынастағы қызметкерлер жоқ. Бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтайды. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және 2025 жылға арналған департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге ішкі талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы қорытындыға келді.