СЖІТ аналитикалық есеп

2025 жылдың ІІ-жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Департамент) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізлді.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды кадр және құқықтық бөлімінің бас маманы Оспанов Манарбек Сәрсембекұлы жүргізді. Департамент басшының міндетін атқарушы Руслан Рымбайұлы Қамзинов ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бақылап, үйлестірді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылған кезең 2025 жылдың екінші жартыжылдығы (бұдан әрі – ағымдағы кезең) болып табылады.

Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органы болып табылады. Ол өз құзыреті шегінде Павлодар облысының стратегиялық маңызы бар экономика салаларында мемлекеттік меншікті басқаруға, мемлекеттік меншікке мемлекеттік құқықтарды жүзеге асыруға, жекешелендіруге және мемлекеттік меншіктің мониторингіне басшылықты жүзеге асырады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады. Басшының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.

Департамент құрылымы 5 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: Активтерді басқару бөлімі (бөлім басшысы және екі бас маман); Кадр және құқықтық жұмыс бөлімі (бөлім басшысы және бір бас маман); Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі (бөлім басшысы және бір бас маман); Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімі (бөлім басшысы және екі бас маман); Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі (бөлім басшысы және екі бас маман).

Ағымдағы штаттық саны 15, нақты саны 14, 1 лауазым бос.

Ағымдағы кезеңде департамент басшының орынбасары мемлекеттік қызметтен босатылды (өз өтініші бойынша).

Департамент ағымдағы кезеңде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізген жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары бойынша теріс үкімі жоқ, тәртіптік жаза қолданылмаған.

Департаментте мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер немесе нормативтік актілер болған жоқ.

Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді талдау олардың жалпы алғанда мемлекеттік органның функцияларын жүзеге асыруға, құқықтық нормаларды белгілеуге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал етпейтін немесе дискрециялық өкілеттіктерді жүзеге асыруға қажетті барлық талаптарға сәйкес келетінін көрсетті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ

Сондай-ақ департаменттің ішкі құжаттарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Бөлімдердің және мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары сараланды. Талдау барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді, жасырын қызметтері де жоқ. Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру және қамтамасыз ету бойынша бақылау немесе қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды, сондай-ақ рұқсаттар бермейді. Басқарма басшының ішкі бұйрықтарына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ішкі құжаттарды талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.

Қорытынды. Департаменттің ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Департаменттің қызметі қатаң түрде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер еңбек және орындаушылық тәртіп стандарттарын, Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтайды.

Басқарма басшының міндетін атқарушы                                    Р.Қамзинов

Кадр жұмысы және құқықтық

жұмыс бөлімінің бас маманы                                                        М.Оспанов

 

Аналитикалық есеп
Дата публикации
29 января 2026