«Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы көрсетілген бұйрықпен бекітілген қағидаларына:

6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) жер қойнауы және жер асты суларына, көмірсутекті пайдалы қазбаларға (көмірсутектерге) және қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқықтары түріндегі объектілер (тізілімнің веб-порталында жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қалыптастырылатын мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрының мәліметтерін қоса алғанда);»;

10-1. Тізілімді жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мынадай функцияларды іске асыруды қамтиды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын қалыптастыру және қол қою;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша жарғыларын бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін қайта бөлу;

4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тізілімде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушыларының) жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын шешімдердің жобаларын келісу;

5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға филиалдар (өкілдіктер) құруға келісім беру;

6) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды немесе таратуды келісу;

7) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ие болған мүлікті алып қою немесе қайта бөлу;

8) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі акцияларға дивидендтерді есептеу және оларды төлеу, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза кірісті бөлу туралы мәліметтерді көрсету.

9) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүліктің өтінім тізбесін қалыптастыру және жүргізу»;

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және                      2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жоғары аудиторлық палатасы

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

Дата публикации
19 декабря 2025