«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 329 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 64 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша республикалық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 329 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 64 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Республикалық бюджет комиссиясының қарауына республикалық меншікке тиеселі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың,  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) тізбесі бойынша дивидендтерді немесе таза табыстың бір бөлігін республикалық бюджетке аудару мөлшерін азайту не төлеуден босату мәселелерін шығару қағидаларында, аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген:

Қағидаларға қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі                                                                   М. Такиев

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі                                              С. Жұманғарин

 

Дата публикации
21 ноября 2025