Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып алуының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдар (бұдан әрi – Ұйымдар) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың өз иелігiндегі уақытша бос ақшаны мынадай қаржы құралдарына:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарына – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің иелігіндегі ақшаны осы мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға құқығы бар Ұйымдар үшін
30 (отыз) пайызға дейін;
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін 10 (он) пайызға дейін.
Ақшаны осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру көлеміне шектеулер орталық контрагенттің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған кері РЕПО операцияларының нысанасы ретінде Ұйымдар сатып алған бағалы қағаздарға қолданылмайды;
2) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық Қайта құру және Даму банкi; Еуропа Қайта құру және Даму банкi; Азия Даму банкi; Ислам Даму банкi; Еуропа Инвестициялық банкi; Халықаралық қаржы корпорациясы; Америкааралық Даму банкi; Халықаралық Есеп айырысу банкi; Африка Даму банкi шығарған бағалы қағаздарға;
3) кредит рейтингі Standard & Poor's шкаласы бойынша BBB немесе Mood's Investors Service (бұдан әрі – Мооdу's) шкаласы бойынша Ваа3 төмен емес немесе Fitch Ratings шкаласы бойынша BBB төмен емес елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздарына;
4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаты тiзiмiне енгiзілген қазақстандық эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына;
5) шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кредит рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингінен бiр деңгейден артық төмен емес қазақстандық эмитенттер шығарған мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға;
6) кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА, Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;
7) осы тармақтың 1) – 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздарға;
8) шетелдік банктердегі (кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес) салымдарға (депозиттерге) және шетелдік банктер (кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес) шығарған депозиттік сертификаттарға;
9) уәкілетті мемлекеттiк органның лицензиясы бар болса, аффинирленген бағалы металдарға;
10) екiншi деңгейдегі банктердiң, сондай-ақ Ұлттық пошта операторының депозиттерiне орналастыруды қамтамасыз етсiн. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда, Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртіппен уақытша бос ақшаны кемiнде 3 (үш) екiншi деңгейдегi банктегi, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерде орналастырады, олардың әрқайсысындағы, оның ішінде Ұлттық пошта операторындағы сома, орналастыру күніне қалыптасқан уақытша бос ақша мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша бос ақшаны кемінде 3 (үш) екінші деңгейдегі банктегі, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерге орналастырады, олардың жалпы сомасы ол орналастырылатын күні қалыптасқан уақытша бос ақша мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.
5000 (бес мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі бір банктегі, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерге орналастырылады;
11) клирингтік қатысу сертификаттары;
12) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде шығарылған облигациялар. Осы тармақша «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында көзделген бағыттар шеңберінде қаржылық қызмет көрсету саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне қолданылады.».
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов