Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жұмыс тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық анықтамасы

Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

 

Қызылорда қаласы                                                  « ___ » ________ 2025 жыл

 

Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің

жұмыс тобының  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

 ішкі талдау жүргізудің талдамалық

АНЫҚТАМАСЫ

 

  1. Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелені бөлімі

Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және т.б. Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шешімдері мен тапсырмаларын, Департамент басшысының тапсырмасы мен бұйрықтарын басшылыққа алады. Көрсетілген нормативтік актілер бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді көтеретін  барлық белгіленген құқықтық нормалардың талаптарына сай және жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болуына себепші болдырмайды.

         Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының  2018  жылғы «17» қыркүйектегі № 934 бұйрығымен бекітілген  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы  Ережесіне сәйкес 2025 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерін теңгерімнен теңгерімге беру туралы 13 бұйрық шығарылып 13 алыс-беріс актісі жасалған.

Департаментпен республикалық меншіктен коммуналдық меншікке мүлікті беру бойынша 15 бұйрық шығарылды. Коммуналдық меншіктен республикалық меншікке мүліктерді беру бойынша 17 келісім хат берілді.

         Бөлім өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңдылықтарға, департаменттің және бөлімнің Ережелеріне сәйкес, негізгі жұмыстарының бірі республикалық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру, сенімді басқаруға және жалға беру  болып табылады. Осыған байланысты бөліммен 2025 жылдың 6 айы қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жұмыстары жүргізілді:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру бөлігінде:

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру кезінде республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан ұсынылатын нысандар негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес, жүргізіледі.

Аталған Қағидада жекешелендіруге жататын республикалық мүліктердің құжаттарының қалай рәсімделетіні, ұсынылған нысандар бойынша жекешелендірілген уақытқа дейін теңгерім ұстаушының жауапты болатындығы, сату Кестесіне енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз бағалау компанияларының  бағалау жөніндегі жұмыс тапсырмаларын қолданыстағы ҚР бағалау туралы заңдылықтарына сай жүргізу қажеттігін және т.б. толықтай қамтылған. Сонымен қатар бұл жұмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылып сауда-саттықтың электронды түрде ашық өткізілетіндігінде.

2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Департаментке республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан ұсынылған барлығы 23 автокөлік жекешелендірілді. Республикалық бюджетке 18 335 006 теңге қаражат түсірілді.

Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру бөлігінде.

Республикалық меншік объектілерін  кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз мемлекеттік емес жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға беру ҚР ҰЭМ 16.01.2015 ж. № 17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Сенімгерлік басқарудың үлгілік шартының 11-тармағының 9) тармақшасына сәйкес сенімгерлік басқарушы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, қаржылық қызмет туралы және мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті электрондық түрде ұсынады, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және  бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізу кезінде тендер нәтижелеріне әсер етуі мүмкін адами факторлар толығымен алынып тасталған.

Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу бөлігінде.

Сыйға тарту шарты бойынша жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлікке құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттің бұйрықтарына сәйкес Департамент пен сыйға тартушы арасында Қағидаларда белгіленген мерзімдерде сыйға тарту шарты және беру қабылдау актісі жасалынады.

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру бөлігінде:

Республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру ҚР ҚЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес, теңгерім ұстаушы ұсынылатын нысандар бойынша берілген мәліметтерге жауапты болады.

ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 24 шілдедегі №67 бұйрығымен Мемлекеттік мүлікті жалға беру қағидасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, бұл жұмыстарда электронды түрде жүргізілуде. Яғни, жалға беру жұмыстарының барлығы E-Qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылады және кепілдік жарналарды енгізу, жеңімпаздармен келісімшарттар, алыс-беріс актілерін рәсімдеу барлығы электронды түрде рәсімделеді. Осыған орай, жалға алушылармен келісім шарт жасау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

2025 жылдың 6 айы қорытындысы бойынша 27 келісім шарт қолданыста. Оның ішінде, 2025 жылдың жартыжылдығында мүліктерді жалға беру бойынша 8 келісім шарт жасалынған. Мүліктерді жалға беру бойынша республикалық бюджетке 13 509 924 теңге қаражат түсірілді.

Осы жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес, бөлім қызметкерлеріне теңгерім ұстаушының мәліметтеріне байланысты,  жекешелендіру, жалға және сенімгерлік басқаруға беру бойынша нысандар жөніндегі ақпараттарды веб-порталға енгізу барысында құжаттарының, объектінің мекен-жайы, жалға берілетін алаң, теңгерім ұстаушының атауының және т.б. дұрыс енгізілуіне өте мұқият болу қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар,  бөлімнің өз құзыреті шегінде атқарылатын жұмыстарға байланысты департаменттің беделін жоғары ұстау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде жүргізіп отыру баса назарға алынды.

 

  1. Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі

         Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі (бұдан әрі- Бөлім) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

- Бөлімдердің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау            

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану» қағидаларын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мұлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын» басшылыққа алады.

Талдау нәтижесі бойынша Бөлім қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілер құқықтық нормаларды белгілейтін барлық талаптарға жауап береді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен дискрециялық өкілеттіктердің туындауына ықпал етпейді.

- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бөлім өз қызметін жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты жоғарыда көрсетілген НҚА-ге сәйкес ұйымдастырады.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сауда-саттықтың ашықтығы мен жариялылығын  қамтамасыз ету мақсатында электрондық сауда алаңы құрылды.

Жеке негіздер бойынша келіп түскен мүлікті беруге және сатуға өтінімдерді қабылдау АО «Информационно-учетный центр»-                         www.е-GAZYNA.kz веб-портал арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады, яғни, департамент өкілдерінің сауда-саттыққа қатысушылармен байланыссыз, бұл мүлікті беру және сату процестерінің ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, электрондық сауда жүргізу барысында сауда қорытындысына әсер беретін адами факторлары толықтай алынып тасталды. Веб-порталды пайдалану сауда-саттыққа қатысушылардың орналасқан жеріне қарамастан олардың санын көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол сауда-саттық сапасын айтарлықтай жақсарта алады және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтады.

 

  1. Активтерді басқару бөлімі

Активтерді басқару бөлімі өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңдылықтарға, департаменттің және бөлімнің Ережелеріне сәйкес, негізгі жұмыстары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы аясында Департамент теңгерімдегі автивтерді басқару болып табылады. Осыған байланысты бөлімнің қызметіне 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жұмыстары жүргізілді:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы ықтимал болуы мүмкін жұмыстарының бірі мемлекеттік сатып алу. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алмауына алғышарттардың алдын алу үшін жағдай жасау үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Заңға соңғы өзгерістер мен түзетулерді Мемлекет басшысы 2024 жылдың 1 шілдесінде енгізді. Заң Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданды. Заң сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға,  өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ шағымдарды қарау тетіктері жаңартылды. Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды. Сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында Заңда тікелей белгіленген мерзімдер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының деңгейіне ауыстырылды. Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану негіздері қайта қаралды.

Сонымен қатар тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау және оларға барынша дербестік беру мақсатында құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға негізделген «тұрақты мемлекеттік сатып алулар» түсінігі енгізілді.

Осыған орай, қабылданып жатқан шаралар ашықтықты, мемлекеттік сатып алулардың қолжетімділігін, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді дамытуға мүмкіндік береді.

2025 жылдың бірінші жартысында барлығы 21 мемлекеттік сатып алу өткізілген. Оның ішінде: департамент қызметкерлерінен құралған комиссия құрамының қатысуымен мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілі арқылы барлығы – 12 мемлекеттік сатып алу, ал бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілі арқылы барлығы – 9 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Жүргізілген сатып алуларға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін комиссия тобы анықтады.

Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы ықтимал болуы мүмкін жағдайлар әлеуетті өнім берушілерге заңсыз артықшылық көрсетумен, нақты бір өнім берушіге негізсіз қолайлы жағдай жасаумен, келісім-шарт міндеттерін дұрыс орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тануға байланысты шараларды орындамай оларға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне одан әрі қатысуға жағдай жасаумен ерекшеленеді.

Осыған орай, 2025 жыл басынан келісім-шарт міндеттерін дұрыс орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану үшін сот органдарына талап арыз беріліп, 2 өнім беруші жосықсыз қатысуышылар тізіміне енгізілді.

 

 

 

  1. Кадр және құқықтық жұмыс бөлімі

Департаменттің кадр жұмысын жүзеге асыру кезінде өз қызметі барысында мемлекеттік органдар жүзеге асыратын кадр мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №Л-239 санды және 2023 жылғы 18 тамыздағы №Л-134 санды бұйрықтарымен бекітілген штаттық кестесіне сәйкес Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде 15 қызметкер жұмыс атқарады.

Онын ішінде - департамент басшысы (С-О-1 санаты - 1), департамент басшысының орынбасары (С-О-2 санаты – 1),  бөлім басшысы (С-О-4 санаты - 5), бас маман (С-О-5 санаты - 8).

Мүдделер қақтығысы фактілері тіркелмеген. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 21.02.2017 ж. №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 05.04.2023 ж. №71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптары негізінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 36-бабына және 2025 жылға бекітілген тағылымдамадан өту кестесіне сәйкес, Департаменттің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің бас маманы С.Мүбәрак («Ақпараттық есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Қызылорда бөлімшесінен) тағылымдамадан өтті.

2025 жылғы біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспар кестелеріне сәйкес, Департаменттің 2 қызметкері  (А.Сақтапбергенова, Г.Махатова) алғаш рет мемлекеттік қызметке орналасқан қызметкерлер үшін қайта даярлау курсынан және біліктілігін арттыру курсынан 6 қызметкер (Ә. Құлжанова, С.Мүбәрак, Г. Джоламанова, Э. Дәндібаева, Қ. Шазатов, А. Садуакасова) өтті.

Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір қызметкердің жеке ісінде ҰҚКД арнайы тексерудің оң нәтижесі туралы анықтама бар.

Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер болған жоқ. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі ережелерін бұзған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.

Кадр жұмысын жүзеге асыруда нормалар заңнамамен нақты регламенттелуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Департаментте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу мәселелері тұрақты бақылауда.

Департаменттің 2025 жылға бекітілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шара жоспары белгіленген мерзімде орындалды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес барлық қызметкерлер (және олардың жұбайлары) белгіленген мерзімде салық органдарына 2024 жылғы табыстары туралы декларациялар мен мүлік туралы мәліметті уақытылы табыс етті.

2025 жылға бекітілген қолданыстағы заңнамаларынан туындайтын құқықтық актілерді түсіндіру бойынша техникалық оқу және жалпыға бірдей құқықтық мектебінің сабақ өткізу жоспарына сәйкес сабақтар үнемі өткізіліп тұрады. Сабақтарды уақтылы өткізу және дайындау сапасы Департамент басшысының бақылауында болады.

Департаменттің әкімшілік ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.2022 жылғы №814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні,  сенім телефонының нөмірі көрсетілген стендтер орналастырылған.  Сонымен қатар, Департаменттің әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылған.

Департамент қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттер туралы Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде БАҚ-тың шағымдары түскен жоқ.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 22.06.2016 жылғы №113 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларының талаптары сақталады. Департаменттің жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілеріне тиісті сұрау салулар қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен жіберіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, болдырмау бағытында нақты шаралар қабылдау туралы Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізеді.

Құқықтық жұмысты жүзеге асыру кезіндегі өз қызметі барысында Департамент Комитеттің 27.09.2018 ж. №934 бұйрығымен бекітілген Департамент туралы ережені және Департаменттің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Департаментте мемлекеттің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады, оның шеңберінде талап қою жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, Құқықтық жұмысты жүзеге асыру кезінде заңнамада нормалар нақты регламенттелгеніне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Мемлекеттік органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері.

Бөлімге қатысты:

2025 жылы 4 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмыс уақыты режимінің сақталуына байланысты мониторинг жүргізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар

2025 жылға арналған Медиа-Жоспарды орындау мақсатында мақалалар жарияланды:

2025 жылғы 20 ақпанда №7 (1762) «Ақмешіт ақшамы» газетінде Департамент басшысы  Е.Бердібаевтың «Қызылорда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2024 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы жөніндегі ақпараты» атты  мақаласы жарияланды.

2025 жылғы 20 наурызда  №11 (1766) «Ақмешіт ақшамы» газетінде Департаменттің кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы -Ә.Құлжановның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру - әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті» атты  мақаласы жарияланды.

2025 жылғы 17 сәуірдегі №15 (1770) «Ақмешіт ақшамы» газетінде Департамент басшысының орынбасары С.Омаровтың «Сыбайлас жемқорлықтың алдан алу, ашықтық және жариялылық» атты  мақаласы жарияланды.

2025 жылғы 22 мамырдағы  №20 (1775) «Ақмешіт ақшамы» газетінде Департаменттің активтерді басқару бөлімінің басшысы Ж.Абдуаитовтың «Цифрландыруға толық көшу және жұртшылықтың қатысуы» атты  мақаласы жарияланды.

2025 жылғы 12 маусымдағы  №23 (1778) «Ақмешіт ақшамы» газетінде Департаменттің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің бас маманы С.Мүбәрактың «Электронды сауда саттықты ұйымдастырумен өткізу» атты  мақаласы жарияланды.  

Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2025 жылы департаментке жеке тұлғалардан 12  өтініш келіп түсті. Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралды және орындалдуда.

Сот органдарының талдау объектісі, қылмыстық істер фабуласы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шешімдері.

2025 жылғы қаңтар айынан 2025 жылғы шілде айын қоса алғанда  департамент қызметкерлеріне қатысты сот актілері болған жоқ.

2025 жылы  кадр және құқықтық жұмыс бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі

Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Азаматтық және Бюджет кодекстерін, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
30 тамыздағы №393 бұйрығын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің басқа да актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Комитет туралы ережені, Департамент туралы ережені басшылыққа алады.

Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері: бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыру, бастапқы құжаттарды жүргізу, қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылау және басқалар.

  • Өнім берушілермен есеп айырысу бөлігінде:
  • «Бюджеттің атқарылу ережесін және оған кассалық қызмет көрсетуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
    4 желтоқсандағы №540 бұйрығы. Бұйрыққа сәйкес төлем шоттары құрылады. Төлемдерді жүргізу үшін төлем шотын қалыптастыру үшін негіз болып табылады:
  • тауарды сатып алу кезінде: 1) аумақтық қазынашылық органында тіркелген шарт; 2) жүкқұжат; 3) тауарды қабылдау-беру актісі; 4) шот-фактура.
  • жұмыстар мен қызметтерді орындау кезінде: 1) аумақтық қазынашылық органында тіркелген шарт; 2) көрсетілген қызметтер актісі; 3) шот-фактура.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды.

 

  • Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру бөлігінде:
  • «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
    3 тамыздағы №393 бұйрығы. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізудің осы қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін белгілейді. Департаментте бухгалтерлік есеп «Е-Қаржымині SAP» бағдарламасының бухгалтерлік есеп және кадрлар кіші жүйесінде жүргізіледі. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  • Мемлекеттік мүлікті есептен шығару бөлігінде:
  • «Дүлей зілзалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы№ 721 бұйрығымен.

Жеке және моральдық тозу салдарынан жарамсыз болып қалған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығаруды және жоюды Департамент басшысының не оның орнындағы адамның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін Комиссия жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды.

Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер құқық бұзушылықтар мен дискрециялық өкілеттіктердің барлық талаптарына жауап береді.

Қорытындылай келе, әр бөлімде мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей талаптарды қатаң сақтау ұсынылды:

 

  • Мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында көрсетілген талаптарды қатаң сақтау;
  • ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу 207 бабына байланысты әкімшілік құқық бұзышылыққа әкеп соғатын шараларды болдыртпау.

 

 

Департамент басшысының орынбасары,

жұмыс тобының жетекшісі                                                   С. Омаров

 

Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті

иелену бөлімінің басшысы, топ мүшесі                                  Н. Әбдрәсіл

  

Жекелеген негіздер бойынша түскен

мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы,

топ мүшесі                                                                                 А. Садуакасова

 

Активтерді басқару бөлімінің басшысы,

топ мүшесі                                                                            Ж. Абдуаитов

 

Қадр және құқықтық жұмыс

бөлімінің басшысы, топ мүшесі                                              Ә. Құлжанова

 

Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің

басшысы, топ мүшесі                                                               А. Маханбетов 

 

 

Дата публикации
02 октября 2025