БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алғашқы баға – бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) комиссиялық тапсырма – мүлік және оның алғашқы бағасы көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырманың орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен айқындалған жарғылық капиталында мемлекет қатысуы бар заңды тұлға;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) сату бағасы – өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы не мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарты (комиссиясы) шеңберінде мүліктің сауда ұйымы өткізген бағасы;»;
4-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде комиссия белгілейтін алғашқы бағасы бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12, 15, 18 және 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.»;
10-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сауда ұйымымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты (комиссияны) жасау үшін оны анықтауды сатушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті қаржы жылында сатушының алдында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелері бар әлеуетті өнім берушімен сауда ұйымының көрсетілетін қызметтеріне мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) жасасуға жол берілмейді.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған алғашқы бағасының 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.»;
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Егер комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң сатылмаған мүлік қалса, онда оның құны мүліктің бастапқы бағасының
50 (елу) пайызына төмендейді, ол туралы тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуға жататын соманы көрсете отырып, қабылдау-беру актісіне тиісті толықтыруға қол қойылады.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) комиссияның шешімі негізінде мүліктің алғашқы бағасы, осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес мүліктің бастапқы және ең төменгі бағасы айқындалады;»;
17-тармақтың 6) тармақшасына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
18-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) комиссия шешімі негізінде мүліктің алғашқы бағасын айқындау;»;
19-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бастапқы бағаны, және бағаны төмендету әдісімен аукцион өткізу кезінде аукционға шығарылатын мүліктің ең төменгі бағасын;»;
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Аукцион екі әдіспен:
1) бағаны көтеру;
2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы мүліктің алғашқы бағасына тең болады.
Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке (үшке) тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.
Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 70 (жетпіс) пайызы мөлшеріндегі ең төменгі баға белгілене отырып шығарылады.
Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде мүліктің алғашқы бағасынан 70 (жетпіс) пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі.
Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережелері мүліктің мынадай түрлеріне: жылжымайтын мүлік объектілеріне, мүліктік кешендерге, зауыттарға, көлік құралдарына, ауыл шаруашылығы және арнайы техникаға, жануарларға, мұнайға, мұнай өнімдеріне және қайта өңдеу өнімдеріне (шикi мұнайды және газ конденсатын қайта өңдеу өнімдеріне), жабдыққа, ұялы байланыс желісі үшін телефон аппараттары мен смартфондарға, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестеріне қолданылмайды.
Төртінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағасының 30 (отыз) пайызы мөлшерінде ең төменгі баға белгіленіп шығарылады.
Бесінші және одан кейінгі сауда-саттыққа мүлік кепілдік жарна мөлшерінен төмен емес ең төменгі баға белгіленіп бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукционға шығарылады.
Аукцион нысанындағы кейінгі әрбір сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;
56-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
57-тармақ алып тасталсын;
58-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) комиссиялық тапсырма – мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) ажырамас бөлігі, онда құндылықтар мен олардың алғашқы бағасы, сондай-ақ сауда ұйымы комиссиялық тапсырманың орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде сатушының шотына енгізетін сома көрсетіледі;»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Республикалық меншікке айналдырылған құндылықтарды бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) құндылықтарды бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Өнім берушіні таңдау мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.
Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті қаржы жылында сатушының алдында құндылықтарды сақтау және өткізу жөніндегі сауда ұйымының қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарттары (комиссиялары) бойынша міндеттемелері бар әлеуетті өнім берушімен құндылықтарды бағалау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шартын (комиссиясын) жасасуға жол берілмейді.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Орталықтың өткізу және объектішілік режимі бойынша талаптар сақталған жағдайда Орталықтан құндылықтарды беру сатушының өкілдеріне сауда ұйымы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Орталық құндылықтарды бергеннен кейін оларды сақтауды және өткізуді сауда ұйымы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) негізінде қамтамасыз етеді.
Құндылықтарды қабылдағаннан кейін сауда ұйымы құндылықтарды өткізу нүктесіне дейін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Сақтауға берілген құндылықтар сатуға дейін бағалануы тиіс. Құндылықтарға бағалауды жүргізу кезінде сауда ұйымы бағалаушының кіруін қамтамасыз етеді. Оларға бағалауды жүргізу үшін бағалаушының құндылықтарды ашуы және қарауы уәкілетті орган және сауда ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалауды жүргізу үшін құндылықтарды ашу актісі жасалады.
Сауда ұйымы белгілі сауда маркаларына (брендтеріне) жататын құндылықтарды және мемлекеттік мұражайлар талап етпейтін тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылықтарды қоспағанда, құндылықтарды сауда ұйымдары арқылы сақтауға және сатуға беру осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде жүзеге асырылады.
Құндылықтардың бағалау құны айқындалғаннан кейін сатушы мен сауда ұйымы арасында осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссияға) комиссиялық тапсырмаға қол қойылады және сауда ұйымы құндылықтарды өткізу үшін алынған құндылықтардың алғашқы бағасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шартта (комиссияда) көрсетілген сатушының шотына енгізеді.
Комиссиялық тапсырмаға осы Қағидалардың 41-1-тармағына сәйкес айқындалған берілетін құндылықтардың әрбір бұйымның алғашқы бағасын көрсете отырып, және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуға жататын құндылықтардың тізімдемесі қоса беріледі.
Сауда ұйымы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) талаптары бойынша барлық міндеттерді орындағаннан кейін комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз ету сауда ұйымының банктік шотына қайтарылады.
Осы Қағидалардың 43-1-тармағында көзделген жағдайда сауда ұйымы төлеген комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз етуі құндылықтарды сатып алудан түсетін түсімдер есебіне есептеледі.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Құнын анықтағаннан кейін сатушы күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде әрбір бұйымның атауын, шығарған елін (егер белгілі болса), бағалы металдың түрін, санын, ендірме санын, сынамасын/құрамын, жалпы, лигатуралық және химиялық таза салмағын (оларды есептеу мүмкіндігі кезінде), ендірме сипаттамасын көрсете отырып, өткізілетін құндылықтар туралы ақпаратты тізілім веб-порталына енгізуді қамтамасыз етеді.
Сауда ұйымы осы Қағидалардың 41-1-тармағына сәйкес айқындалған әрбір бұйымның алғашқы бағасын көрсете отырып, берілетін құндылықтар тізімдемесімен қоса комиссиялық тапсырманы сатушыдан алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей ашық сату жолымен сатуға құндылықтарды қояды.
Сауда ұйымы барлық тілек білдірушілерге құндылықтарды көруге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Құндылықтардың құнын сатушының хабарламасында көрсетілген олардың алғашқы бағасынан төмен сатуға жол берілмейді.
Сауда ұйымы алған құндылықтарды өткізуден түскен сомаларды олар өткізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген деректемелер бойынша аударылуға жатады.
Сауда ұйымы сатушыға мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссияға) сәйкес құндылықтарды сату барысы туралы ай сайынғы есепті ұсынады.»;
44-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Құндылықтарды өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің кірісіне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады.»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға
14-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
ТАӘ |