«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Премьер-Министрі                                                О. Бектенов

Дата публикации
16 сентября 2025