«ҚР ҚМ МКҚК Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарландыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу (СЖТІТЖ) кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 9 шілдесі мен 18 шілдесі аралығында «ҚР ҚМ ММжЖК Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) қызметіне СЖТІТЖ жүргізілді.

Департаменттің қызметінде СЖТІТЖ нәтижелерін қоғамдық талқылау басталғаны туралы хабарлаймыз.

Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша сұрақтарды осы телефондар бойынша қоюға болады: 8 (7182) 61 82 78 (ҚР ҚМ ММжЖК Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жауапты тұлғасы, бас маман Оспанов Манарбек Сәрсембекұлы).

Жария талқылауды өткізу орны: Павлодар қ., Ак.Сәтбаев көшесі, 136,                    5 қабат, 501 каб.

Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 23 шілде, сағат 15:00-де.

Қатысуға шақырамыз!

 

«ҚР ҚМ МКҚК Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарландыру.
Дата публикации
22 июля 2025