Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының
Премьер - Министрі А. Мамин
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 % (жүз) мемлекеттік пакетін «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруді көздейді.
Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.
Жоба мыналарға сәйкес әзірленді:
1) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы, оған сәйкес мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге беру арқылы иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.
2) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 2) тармақшасы, оған сәйкес республикалық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғам акцияларын төлеуге беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны іске асыру «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 % (жүз) мемлекеттік пакетін «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беруге ықпал етеді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаны іске асыру мақсаты «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 % (бір жүз) мемлекеттік пакетін «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру болып табылады.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған актілері жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда, оны заңнамаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба 2020 жылғы 10 қарашадағы мемлекеттік органдардың www.beta.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде 96 КБ, есеп қоса беріледі).
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптама қорытындысымен келіспеу себептеріне негіздеме талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев