«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920  қаулысынамынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:

1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Осы Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 100-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елде дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару жағдайларын қоспағанда, аукцион мен тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта, сондай-ақ тікелей атаулы сату арқылы сату, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.

  1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің бағаны көтеру аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы немесе бағаны төмендету аукционы нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын жарияланған баға;       

2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалатын және қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық немесе бағалау құны мөлшерінде мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін жекешелендіру объектісінің бағасы;

3) аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;      

4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;       

5) аукцион нөмірі – Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде қатысушыға аукционға, тендерге қатысу үшін берілетін нөмір;      

6) әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi сатып алушының (ие болушының) шешiмдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмге, оның iшiнде жазбаша түрде жасалған мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi сатып алушының (ие болушының) осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

7) бастапқы баға – әрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға;       

8) екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс – кезең-кезеңiмен келiссөздер жүргiзу арқылы тәуелсіз консультанттардың қатысуымен сатушы конкурс жеңiмпазын айқындайтын сауда-саттық нысаны;       

9) ең төменгі баға – жекешелендiру объектiсiн одан төмен бағаға сатуға болмайтын баға;       

10) жекешелендіру объектісі – мүлiктiк кешен ретiндегi кәсіпорын; жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкi; акционерлік қоғамдардың акциялары; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар;

11) жеңiмпаз – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға, тендерге қатысушы; екi кезеңдi рәсiмдер арқылы ең жоғары баға және (немесе) ең үздік шарттар ұсынған конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы;       

12) кепілдік жарна – сауда-саттық немесе өзге де міндеттемені орындау кезінде шарт жасасу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдік жарнаны төлеуші кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы;

13) қатысушы – аукционға, тендерге немесе eкi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсқа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

14) қатысушының ақшалай балансы (бұдан әрі – электрондық әмиян) –екінші деңгейдегі банктегі бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына әлеуетті қатысушы құйған:

екі кезеңді рәсімдер арқылы өтетін конкурсты қоспағанда, аукцион, тендер және жабық тендер нысанындағы сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауға;

осы Қағиданың 23-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік жарналарды қайтаруға байланысты ақша қаражатын есепке алу үшін бірыңғай оператор пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты;

15) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Заңда және осы  Қағидаларда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты құратын алқалы орган;

16) сату бағасы – өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша белгіленген жекешелендіру объектісінің түпкілікті бағасы;        

17) сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін адам) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган;

18) сатып алушы (ие болушы) – мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару процесiнде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;

19) сауда-саттық – жекешелендіру түрі;     

20) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы алдын ала жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;       

21) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетiлетiн аукцион нысандағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

22) тәуелсіз консультанттар – заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдіктер немесе олардың бірлестіктері, сатушы жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені сүйемелдеу мақсатында тартатын, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар;

23) тендер – тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында жабық электрондық конвертке жүктелетін, қатысушылар өздерiнiң баға ұсыныстарын мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;       

24) тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;        

25) ұйымдастырушы – қор биржасында және шет елдегі мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесін ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын сатушы не заңды немесе жеке тұлға;

26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;       

27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

  1. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді мемлекеттік мүлікті жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қабылдайды, олар күнтізбелік он күн ішінде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (жекешелендіру кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

Табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.  

Кәсіпорында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешім дайындау кезінде шешімнің жобасы мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру даярлығы және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.

  1. Жекешелендіру объектілері екінші және одан кейінгі сауда-саттықты өткізу жағдайларын қоспағанда, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасынан төмен есмес алғашқы баға бойынша сатуға қойылады.»;

5-тармақта:

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы бойынша жекешелендіру объектілері осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес конкурста екі кезеңді рәсімдер арқылы иеліктен шығарылуға жатады.»;

төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (республикалық меншік бойынша) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (коммуналдық меншік бойынша) шешімі бойынша комиссия шешімінің негізінде жекешелендіру объектілері осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тарауларына сәйкес сауда-саттықта нысанда сату, аукцион немесе тендер, қор биржасындағы сауда-саттық жолымен иеліктен шығарылуға жатады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату Заңда, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптар сақталып жүргізіледі.»;

8- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуетті сатып алушының (ие болушының) және әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасының жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті  мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сату жөніндегі екі кезеңдік рәсімдер арқылы бір аукционға, тендерге, конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.»;

12-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату жағдайларын қоспағанда, комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысанын және шарттарын айқындау;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілелерді сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультанттарды тарту;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) тендерге қатысушылардың құжаттарын олардың қосымша талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау және оларды сауда-саттыққа жіберу;»;

13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қор биржасындағы сауда-саттықты қоспағанда, акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері сауда-саттыққа шығарылған жағдайда, тікелей мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.»;

15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:       

1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;       

2) екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату жағдайларын қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысаны мен шарттары туралы шешім қабылдайды;

3) екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесі немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын түріндегі әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттық нысаны мен шарттары туралы тиісті саланың уәкілетті органының ұсыныстарын қарайды және шешім қабылдайды;

4) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды;

5) жекешелендіру объектісін бағалау негізінде қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық немесе бағалау құны мөлшерінде жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

6) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі және ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі және биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды;

7) тендер шарттары туралы шешім қабылдайды;

8) қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптар туралы шешім қабылдайды;

9) жекешелендіру объектілерін кейіннен сауда-саттыққа қоюдың орындылығы туралы шешім қабылдайды;

10) екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа жібереді;

11) екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс жеңімпазын жариялайды;

12) жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты бойынша кейінгі бақылауды аяқтау туралы сатушының ұсынысы бойынша шешім қабылдайды.

  1. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сатушы жүзеге асырады, ол сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді, өтiнiмдер қабылдауды және екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушыларды тiркеудi жүргiзедi, екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына береді.»;

17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы жекешелендіру объектісінің құнын бағалау негізінде қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық немесе бағалау құны мөлшерінде комиссия шешімі бойынша айқындалады;»;

20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Аукционға, тендерге қатысуға кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен енгізіледі.»;

23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қалған барлық басқа жағдайларда кепілдік жарна сомасына енгізілген ақша қаражаты аукционға, тендерге қатысушының электрондық әмиянында сауда-саттық күні бұғаттан алынады, ал екі кезеңді рәсімдер жолымен конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасын сатушы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде.»;

24-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнаманың талаптары қолданылатын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды сату туралы хабарламаны объект (жекешелендіру кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, тендер басталғанға дейін бес минут бұрын және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.»;

28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Аукционға тендерге қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса);       

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса);       

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;       

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Аукционға, тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.       

Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысын тіркейді.»;

30-тармақта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Аукционның, тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;

мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірменің түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.»;

үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тендердің жеңімпазы да сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшiрмелерін ұсынады.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. Аукционға, тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.»;

33-тармақта:

бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Аукционға, тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақша қаражатының бар-жоғын автоматты түрде тексереді.»;

үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Электрондық әмиянда өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болған жағдайда тізілімнің веб-порталы оны сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдауды және қатысушыларды аукционға, тендерге жіберуді жүзеге асырады. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына ақша қаражаты болмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Тізілімнің веб-порталы аукционға, тендерге қатысу үшін электрондық өтінімін кері қайтарып алған қатысушының аукцион нөмірін сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде бес минут бұрын жояды.»;

39-тармақ алып тасталсын;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Жекешелендiру объектiсi бірінші сауда-саттыққа аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.       

Жекешелендiру объектiсi екінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның жетпіс пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.       

Жекешелендiру объектiсi үшінші сауда-саттыққа аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төменгі бағаны белгілей отырып, бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, аукционға қойылады.

Жекешелендiру объектiсi төртінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі бастапқы бағаның отыз пайызы мөлшерінде ең төменгі бағаны белгілей отырып, бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, аукционға қойылады.

Жекешелендіру объектісі бесінші және одан кейінгі сауда-саттыққа кепілдік жарна мөлшерінен төмен емес ең төменгі бағаны белгілей отырып, бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, аукционға қойылады.

Аукцион нысанындағы әрбір кейінгі сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;

52-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) аукцион, тендер нысанында кейінгі сауда-саттықтарға қатысуға өтінім беру үшін электрондық әмиянда қатысушылардың бұғатталмаған ақшалай қаражатын бірнеше рет пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Тендердi өткiзу»;

57-тармақ алып тасталсын;

58,59,60,61,62,63,64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi сатушы жүзеге асырады. Жекешелендіру объектiсін бiрiншi тендерге қойған кезде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады.

  2. Тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

  3. Жекешелендіру объектісі екінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның жетпіс пайызына тең.

Жекешелендіру объектісі үшінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның елу пайызына тең.

Жекешелендіру объектісі төртінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның отыз пайызына тең.

Жекешелендіру объектісі бесінші және одан кейінгі тендерлерге шығарылған кезде бастапқы баға кепілдік жарнаның мөлшеріне тең.

Әрбір келесі тендер алдыңғы тендер өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.

  1. Жарғылық капиталында акциялардың (қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тендерде сатқан жағдайда, қызмет бейінін және қызметкерлердің штат санының кемінде үштен екісін сақтау тендердің шарты болып табылады.

Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін, жұмыскерлерінің штат санын сақтау мерзімдерін сатушы комиссия шешімінің негізінде айқындайды.

  1. Жекешелендіру объектісі бойынша тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда тендер өтпеді деп танылады. Егер қатысушы бастапқы бағадан кем болмайтын құн ұсынса, бір ғана қатысушы қатысқан тендер өтті деп танылады.

Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

  1. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

  2. Тендерге қатысуға өтінімдерді сатып алушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында

  3. Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.»;

67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Тендердің жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

  1. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.»;

79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«79. Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жоғары баға және (немесе) ең үздік шарттар ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.»;

мынадай мазмұндағы 80-1 тармақшамен толықтырылсын:

«80-1. Егер: 

1) конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға екіден аз өтінім тіркелсе; 

2) конкурстың екінші кезеңіне екіден аз әлеуетті сатып алушы (инвестор) жіберілсе; 

3) конкурс жеңімпазы сатушы белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса, екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс өткізілмеді деп танылады. 

Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы мен тәуелсіз консультант өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды және жекешелендіру объектісі қайтадан конкурсқа шығарылады. 

Әрбір кейінгі конкурс алдыңғы конкурс күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей өткізіледі.»;

9-тарау алып тасталсын;

11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«11-тарау. Жекешелендiру объектiсiн сатудан алынған қаражат»;

мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:

«12-тарау. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау

  1. Сатушы осы Қағиданың 5 және 7-тарауларына сәйкес сатып алушының міндеттемелерді орындау шартымен тендердің немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың нәтижелері бойынша жасалған жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты талаптарының тиісінше орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

  2. Сатушы бақылауды жүзеге асыру мақсатында сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты құжаттармен танысады және жұмысқа тиісті салалардың уәкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдардың) өкілдерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тартады.

Сатып алу-сату шартында сатып алушының инвестициялық және өзге де қаржылық міндеттемелерді орындауы (берешекті өтеу, құрылысты немесе реконструкциялауды жүзеге асыру, өндіріс көлемінің белгілі бір деңгейін, шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызметтер номенклатурасын қамтамасыз ету) бойынша шарттар болған жағдайда бақылау консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі.

  1. Тиісті салалардың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар) сатушыдан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылауға қатысу үшін өз өкілдерінің кандидатураларын ұсынады.

Бақылауды жүргізу үшін консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылау жекешелендіру объектісін сатып алушыға берген сәттен бастап сатып алушының міндеттемелерді орындауы аяқталған кезге дейін, бірақ жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

  2. Бақылауды аяқтау туралы шешімді сатып алушы жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартының талаптарын тиісінше орындаған кезде комиссияның шешімі негізінде сатушы қабылдайды.

Сатып алушы сатып алу-сату шартының талаптарын және қабылданған міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен бұзылуы мүмкін.».

  1. Осы қаулы 2025 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

     

 

Қазақстан Республикасының                   

 

 

 

Премьер-Министрі

О. Бектенов

 

Дата публикации
15 июля 2025