Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау анонсы

2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес,  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі №КГИП-02-КГ/432-И хатына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 10 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау мақсатында жария талқылау жүргізу жоспарлануда.

Жария талқылауды өткізу орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Жансүгіров көшесі, 86.

Жария талқылауды өткізу күні мен уақыты:2025 жылғы 23 маусым, сағат 15:00-де

Қатысуға шақырамыз!

Дата публикации
02 июля 2025