«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы

 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 105-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетін жарғылық капиталдан 100 (жүз) пайыз мөлшерінде «Mexel Health» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – стратегиялық инвестор) тікелей атаулы сату жүзеге асырылсын.
  2. Стратегиялық инвесторға:

1) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде                   17500000000 (он жеті миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде инвестициялар енгізу, оның ішінде:

томотерапиямен («Tomotherapy HD» («Accuary», АҚШ) жоғары энергетикалық қондырғыларымен) кешенде онкологиялық науқастарды емдеудің инновациялық жасушалық технологияларын, серпінді (гибридтік) әдісін дамытуға 2500000000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңге                                            (1-ші жыл – 500000000 (бес жүз миллион) теңге, 2-ші жыл – 500000000 (бес жүз миллион) теңге, 3-ші жыл – 500000000 (бес жүз миллион) теңге,                                      4-ші жыл – 500000000 (бес жүз миллион) теңге, 5-ші жыл – 500000000 (бес жүз миллион) теңге);

500 (бес жүз) төсектік клиниканың екінші кезегін салуға 15000000000 (он бес миллиард) теңге (1-ші жыл – 70000000 (жетпіс миллион) теңге,                                   2-ші жыл – 130000000 (жүз отыз миллион) теңге, 3-ші жыл – 3800000000 (үш миллиард сегіз жүз миллион) теңге, 4-ші жыл – 5000000000 (бес миллиард) теңге, 5-ші жыл – 6000000000 (алты миллиард) теңге);

2) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

3) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде практикалық денсаулық сақтау қажеттілігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде медициналық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету;

4) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру;

5) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 15 (он бес) жыл ішінде қызмет бейінін сақтау;

6) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде жұмыс орындарының санын сақтау;

7) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлермен штат санының кемінде үштен екісін қамтамасыз ету;

8) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдаланудың қазіргі тәртібі мен шарттарын сақтау;

9) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде кредиторлық берешекті өтеу;

10) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақы бойынша берешекті өтеу;

11) сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде Сатушының жазбаша келісімімен «Ұлттық ғылыми медициналық орталық»                АҚ-ның акциялар пакетіне қатысты мәмілелер (қайта сату, кепіл, басқаруға беру және басқалар) жасау жөніндегі міндеттемелер белгіленсін.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

           

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                        А. Мамин

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ.Маминге

 

 

«Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

  1. 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негізі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 105-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының 1.3-тармағын, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 16 қазандағы хаттамалық шешімінің                    5-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Осы жобаны қабылдау мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін одан әрі арттыруға, мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін қысқартуға, мемлекеттік мүліктің тиімді жеке меншік иелерінің қолына өтуіне және Ұлттық қорды жекешелендіруден түсетін түсімдермен толықтыруға мүмкіндік береді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Жобаны қабылдау «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін жарғылық капиталдан 100 (жүз) пайыз мөлшерінде «Mexel Health» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тікелей атаулы сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында
    (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасында (www.gov.kz) 2020 жылғы 5 қарашада, сондай-ақ 2020 жылғы 5 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) (мемлекеттік және орыс тілдерінде файл – 41 КБ, есеп қоса беріледі) орналастырылған.

  1. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептеулердің нәтежелері

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қортындыларымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                      Е. Жамаубаев

Дата публикации
05 ноября 2020