«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды (бұдан әрі - сыйлықтар);»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мүлікті есепке алу және сақтау»;
«3-тарау. Мүлікті бағалау»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану»;
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады.»;
24-тармақ алып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми
іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1. Сыйлықты уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты өткізуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:
«27-1. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде, тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Залалдар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «арнаулы мемлекеттік қор» деген ұғымды, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) сыйлықтарды қабылдап алу және оларды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) тапсыру бойынша функциясын алып тастауды, уәкілетті органға сыйлықтарды тапсыратын адамдардың тобын, сондай-ақ уәкілетті органға өтеусіз беруге жататын сыйлықтардың түрлерін нақтылауды, норманы өзгертуді, оған сәйкес «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Банк) бағалы металдардан жасалған сыйлықтарға бағалау жүргізуін алып тастауды, залалдарды өтеу бөлігінде норманы белгілеуді көздейді.
Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген.
Жоба Заңның 211, 213, 215, 216, 218-баптарын сәйкес келтіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 140-р өкімін орындау үшін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша әзірленді.
Жобаны қабылдау уәкілетті органға өтеусіз беруге жататын сыйлықтардың түрлерін, сондай-ақ адамдардың тобын белгілейді, мемлекет меншігіне түскен бағалы металдардан жасалған сыйлықтарға қатысты Банктің функциясын оның құзыретіне сәйкес келтіруді қамтамасыз етеді, залалдарды өтеу бөлігінде норманы белгілейді.
Жобаның мақсаты сыйлықтар, мемлекет меншігіне айналдырылған тұрғын үйлерді мемлекеттік тұрғын үй қорына қосу, Банктің бағалы металдардан жасалған сыйлықтарға бағалау жүргізуін алып тастау, залалдарды өтеу жөніндегі нормамен толықтыру бөлігінде Заңға сәйкес келтіру болып табылады.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаражат талап етпейді.
Қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері:
енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы.
Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба 2020 жылғы «_» ___ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, 2020 жылғы «_» ____ http://www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (файл мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ КБ, есеп қоса беріледі).
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Жоба бойынша Мемлекеттік қаржы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ұсынымдары жоқ (___ жылғы № ____ хат).
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері Жобаға ұсыныстар мен ескертулер ұсынған жоқ (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің сырттай отырысының ____ жылғы № ___ хаттамасы).
2020 жылғы ___ № ___ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
|
Р/с№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме. |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары |
||||
|
1 |
1-тараудың тақырыбы |
1. Жалпы ережелер |
1-тарау. Жалпы ережелер |
«Құқықтық актілер туралы» Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi. |
|
2 |
3-тармақтың |
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті: ... 4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар берген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі – сыйлықтар); |
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті: ... 4) «Мемлекеттік мүлік туралы»
|
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) 211-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган осы Заңның 216-бабының . |
|
3 |
2-тараудың тақырыбы |
2. Мүлікті есепке алу және сақтау |
2-тарау. Мүлікті есепке алу және сақтау
|
Құқықтық актілер туралы заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес көлемi ауқымды нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемі жағынан үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа да белгілемелері пайдаланылуы мүмкін. Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi. |
|
4 |
3-тараудың тақырыбы |
3. Мүлікті бағалау |
3-тарау. Мүлікті бағалау |
Құқықтық актілер туралы заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес көлемi ауқымды нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемі жағынан үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа да белгілемелері пайдаланылуы мүмкін. Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi. |
|
5 |
4-тараудың тақырыбы |
4. Мүлікті одан әрі пайдалану |
4-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану |
Құқықтық актілер туралы заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес көлемi ауқымды нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемі жағынан үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа да белгілемелері пайдаланылуы мүмкін. Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi. |
|
6 |
23-тармақтың бірінші бөлігі |
23. «Мемлекеттік мүлік туралы»
|
23. «Мемлекеттік мүлік туралы»
|
Мемлекеттік мүлік туралы заңның 218-бабының бірінші абзацына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес осы Заңның 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады. |
|
7 |
24-тармақ |
24. Уәкілетті органға тапсырылған сыйлықтар арнаулы мемлекеттiк қорды құрайды және мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынады. Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып жүргiзiледi.
|
алып тасталсын |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «арнаулы мемлекеттік қор» деген ұғым алынып тасталды. Мемлекеттік мүлік туралы заңның 216-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі. |
|
8 |
25-тармақ |
25. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар білмей келіп түскен сыйлықтар, олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, не лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жоғарыда көрсетілген адамдарға жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi мемлекеттік қызметші қызмет бабында байланысты болатын шетелдік, сол сияқты Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алған сыйлықтар уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға сыйлық алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша тапсырылады. Арнайы мемлекеттiк қорға тапсырылған сыйлықтарды есепке алуды, бағалауды және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органға тапсырылған сыйлықтар есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға берілуге тиіс. Жергілікті атқарушы орган уәкілетті органға тізімдеу актісіне қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жібереді. |
25. Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі. |
Мемлекеттік мүлік туралы заңның 216-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі. |
|
9 |
26-тармақ |
26. Арнайы мемлекеттік қордың бағалы металдардан жасалған сыйлықтарын сараптауды, бағалауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. |
26. Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. |
Мемлекеттік мүлік туралы заңның 215-бабы 4-тармағының үшінші абзацына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және сақтауды оларды өткізгенге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. |
|
10 |
26-1-тармақ |
26-1. Сыйлықты тапсырған адам оны жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен арнаулы мемлекеттік қордан сатып алуға құқылы. |
26-1. Сыйлықты уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. |
Мемлекеттік мүлік туралы заңның 216-бабының 2-тармағына сәйкес сыйлықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. |
|
11 |
27-тармақ |
27. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы. |
27. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты өткізуге құқылы. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «арнаулы мемлекеттік қор» деген ұғым алынып тасталды. Мемлекеттік мүлік туралы заңның 216-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты өткізуге құқылы. |
|
12 |
27-1-тармақ |
жоқ
|
27-1. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады. |
Мемлекеттік мүлік туралы заңның 216-бабының 4-тармағына сәйкес сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады. |
|
13 |
5-тараудың тақырыбы |
5. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі
|
5-тарау. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі |
Құқықтық актілер туралы заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес көлемi ауқымды нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемі жағынан үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа да белгілемелері пайдаланылуы мүмкін. Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi. |
|
14 |
6-тараудың тақырыбы |
6. Қорытынды ережелер |
6-тарау. Қорытынды ережелер |
Құқықтық актілер туралы заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес көлемi ауқымды нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау – бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемі жағынан үлкен тараулар мен бөлiмдерде тиiсiнше параграфтар және кiшi бөлiмдер бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн. Кодекстерде ішкі құрылымның басқа да белгілемелері пайдаланылуы мүмкін. Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше «тарау», «параграф», «бөлім», «кiшi бөлiм» деген сөздермен белгiленедi. |
|
15 |
33-тармақ |
33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде, тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. |
33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде, тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Залалдар 1994 жылғы |
Мемлекеттік мүлік туралы заңның 213-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес сот мүлiктің мемлекет меншiгiне түсуіне негіз болған актiнің күшін жойған (тиiстi бөлiгін өзгерткен) жағдайда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізілген болса, оның құнын өтеу оны өткізуден алынған қаражат шегiнде жүргiзіледi. Залалдар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының |
Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұлов