Негізгі функционалдық міндеттері: Департаменттің бухгалтерлік есепбін жүргізу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес департамент қызметкерлеріне жалақыны, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен басқа да төлемдерді, іссапар шығыстарын есептеу және аудару мәселелері бойынша Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментімен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін құру. Қаржылық, бухгалтерлік және статистикалық есептерді уақытылы ұсыну. Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражатты игеру бойынша ай сайынғы жедел ақпаратты дайындауды жүзеге асырады. Департамент бойынша кредиторлық және дебиторлық берешекке жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды. Департаменттің қаржылық және бюджеттік есебін жасау үшін деректерді дайындауды жүзеге асырады. Жеткізушілермен ай сайын есеп айырысуға бақылау жүргізеді, салыстыру актілерін жасайды. Департаменттің депозиттік шоты бойынша ақша түсімдері мен шығыстарының есебін жүргізеді. Департаменттің жеке қаржыландыру жоспарын жасауға қатысады. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, және оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеу. «е-Қаржы» ИААЖ «Бухгалтерлік есеп» кіші жүйесінде деректерді енгізу және өндеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Республикалық мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану мәселелері бойынша тексерулерге қатысу. «Бірыңғай баланс ұстаушы» бағдарламасын іске асыруға қатысу. Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлік мәселелері бойынша жұмысқа қатысу. Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды, жеке және өзге де мүдделі тұлғалардың өтініштерін қарау және жауап дайындау. Ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін бөлімнің құжаттарын дайындау. Құзыреті шегінде басшылықпен жүктелген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.