Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың алған сыйлықтарын өткізу бойынша жаднама

ЖАДЫНАМА

мемлекеттік қызметшілер немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтарды, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал еткен болса не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері білмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде оларға және олардың отбасы мүшелеріне, Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін тапсырылатын сыйлықтарды өтеусіз беру бойынша

 

  1. Сыйлықты алған күннен бастап не сыйлықты алғаны белгілі болған күннен бастап жеті күн ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне алған мемлекеттік қызметшілер немесе өзге де адамдар оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз береді.

Сыйлықты беру туралы өтініште мынадай мәліметтер болуға тиіс:

- Сыйлық тапсырушының Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері, жеке куәлігінің деректері;

- сыйлықтың атауы, оның саны және қысқаша сипаттамасы;

- сыйлықты сатып алуға келісім беру немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.

  1. Сыйлықты беру сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган жасайтын Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.

  2. Сыйлықты уәкілетті органға берген тұлға Жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша сатып алуға құқылы.

  3. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады.

Тапсырылған сыйлықты беру сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құны толық төленгеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.

  1. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.

Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

Анықтама үшін: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүлікті толық және (немесе) уақтылы бермегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменттері (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (бұдан әрі - Есеп) жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Қағиданың 25-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына орай осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе, не көрсетілген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне айтылмай келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.

Департамент республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті, оның ішінде «Мемлекеттік мүлік туралы» Республикасы Заңының 216-бабының 1-тармағында көрсетілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының           12-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер және өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды Есепке алады.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 

аумақтық бөлімшелерінің тізімі

№ р/с МО атауы Мекенжайы
1 ҚР ҚМ Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Кокшетау қаласы, М. Ауэзов к-сі, 230
2 ҚР ҚМ Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Ақтөбе қаласы, Ш.Қалдаяқова 33
3 ҚР ҚМ Алматы мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Алматы обл, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, І.Жансүгіров 86 
4 ҚР ҚМ Атырау мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Атырау қаласы, Абая к-сі, 10А, 1 қабат
5 ҚР ҚМ Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті ШҚО Өскемен қаласы, Тохтаров к-сі  35, 4 қабат
6 ҚР ҚМ Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Тараз қаласы, Карасу ш.а., Аль-Фараби к-сі, 11
7 ҚР ҚМ Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Батыс Қазақстан обл., Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы  208
8 ҚР ҚМ Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Қарағанды қаласы,  Костенко, 6
9 ҚР ҚМ Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Қостанай  обл., Қостанай қаласы, Алтынсарин к-сі  151 А
10 ҚР ҚМ Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Қызылорда қ.,Д.Қонаев көшесі, 7 а 
11 ҚР ҚМ Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Ақтау қаласы, 9мкр, 23-ғимарат, 2-қабат
12 ҚР ҚМ Павлодар мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Павлодар қаласы, Ак.Сатпаев к-сі, 136, каб.501
13 ҚР ҚМ Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті СҚО, Петропавл қаласы, Н. Назарбаев к-сі 112 А
14 ҚР ҚМ Түркістан мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Түркістан қаласы,  Жаңа қала ш.а., 32-і көше, 16-ғимарат,  «А» корпусы, 4 қабат
15 ҚР ҚМ Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Астана қаласы,  Бейбітшілік к-сі 57
16 ҚР ҚМ Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Алматы қаласы, Достык даңғылы 134
17 ҚР ҚМ Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Шымкент қаласы, Г.Иляев к-сі  24/1
18 ҚР ҚМ Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Қызылорда обл., Байқоңыз қаласы, Советская армия к-сі 11
19 ҚР ҚМ  Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Талдықорқан қаласы, Біржан ар к-сі 130
20  ҚР ҚМ  Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Жезқазған қаласы, Сәтпаев к-сі 54
21 ҚР ҚМ  Абай облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешеледіру департаменті Абай обл., Семей қаласы, А.Найманов к-сі  110 

 

Дата публикации
13 мая 2025