Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
Қызылорда қаласы « ___ » ________ 2025 жыл
Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жұмыс тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің талдамалық АНЫҚТАМАСЫ
Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» және т.б. Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шешімдері мен тапсырмаларын, Департамент басшысының тапсырмасы мен бұйрықтарын басшылыққа алады. Көрсетілген нормативтік актілер бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді көтеретін барлық белгіленген құқықтық нормалардың талаптарына сай және жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болуына себепші болдырмайды.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы «17» қыркүйектегі № 934 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерін теңгерімнен теңгерімге беру туралы 17 бұйрық шығарылып 21 алыс-беріс актісі жасалған. Барлығы 497 мүліктер республикалық мемлекетттік мекемелердің теңгерімнен теңгерімге берілді. Соның ішінде 486 мүлік, 6 автокөлік құралдары, 5 ғимарат.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап департамент құзіретіне келесі функциялар берілді:
орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының мүлкін қоспағанда, республикалық мемлекеттік мекемелердің мүлкін коммуналдық меншікке беру;
коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының теңгеріміне беруді қоспағанда, республикалық меншікке республикалық мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беруге келісім беру.
Осыған байланысты департаментпен республикалық меншіктен коммуналдық меншікке 421 мүлікті беру бойынша 20 бұйрық шығарылды. Соның ішінде 385 мүлік, 21 автокөлік құралы, 15 жылжымайтын мүліктер және коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін республикалық меншікке беру бойынша 20 келісім хат жасалған.
Бөлім өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңдылықтарға, департаменттің және бөлімнің Ережелеріне сәйкес, негізгі жұмыстарының бірі республикалық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру, сенімді басқаруға және жалға беру болып табылады. Осыған байланысты бөліммен 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жұмыстары жүргізілді:
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Республикалық мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру бөлігінде:
Республикалық мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру кезінде республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан ұсынылатын нысандар негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес, жүргізіледі.
Аталған Қағидада жекешелендіруге жататын республикалық мүліктердің құжаттарының қалай рәсімделетіні, ұсынылған нысандар бойынша жекешелендірілген уақытқа дейін теңгерім ұстаушының жауапты болатындығы, сату Кестесіне енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз бағалау компанияларының бағалау жөніндегі жұмыс тапсырмаларын қолданыстағы ҚР бағалау туралы заңдылықтарына сай жүргізу қажеттігін және т.б. толықтай қамтылған. Сонымен қатар бұл жұмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылып сауда-саттықтың электронды түрде ашық өткізілетіндігінде.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Департаментке республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан ұсынылған барлығы 34 автокөлік жекешелендірілді.
Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру бөлігінде.
Республикалық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз мемлекеттік емес жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға беру ҚР ҰЭМ 16.01.2015 ж. № 17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқарудың үлгілік шартының 11-тармағының 9) тармақшасына сәйкес сенімгерлік басқарушы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, қаржылық қызмет туралы және мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті электрондық түрде ұсынады, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізу кезінде тендер нәтижелеріне әсер етуі мүмкін адами факторлар толығымен алынып тасталған.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 объекті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді.
Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу бөлігінде.
Сыйға тарту шарты бойынша жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мүлікке құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттің бұйрықтарына сәйкес Департамент пен сыйға тартушы арасында Қағидаларда белгіленген мерзімдерде 8 сыйға тарту шарты және беру қабылдау актісі жасалынады.
Республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру бөлігінде:
Республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру ҚР ҚЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес, теңгерім ұстаушы ұсынылатын нысандар бойынша берілген мәліметтерге жауапты болады.
ҚР ҰЭМ 2019 жылғы 24 шілдедегі №67 бұйрығымен Мемлекеттік мүлікті жалға беру қағидасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, бұл жұмыстарда электронды түрде жүргізілуде. Яғни, жалға беру жұмыстарының барлығы www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылады және кепілдік жарналарды енгізу, жеңімпаздармен келісімшарттар, алыс-беріс актілерін рәсімдеу барлығы электронды түрде рәсімделеді. Осыған орай, жалға алушылармен келісім шарт жасау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
Осы жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес, бөлім қызметкерлеріне теңгерім ұстаушының мәліметтеріне байланысты, жекешелендіру, жалға және сенімгерлік басқаруға беру бойынша нысандар жөніндегі ақпараттарды веб-порталға енгізу барысында құжаттарының, объектінің мекен-жайы, жалға берілетін алаң, теңгерім ұстаушының атауының және т.б. дұрыс енгізілуіне өте мұқият болу қажеттігі атап өтілді.
Жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімі (әрі қарай – Бөлім) негізгі жұмыстарының құзіреті шегінде республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, осыған байланысты бөліммен 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жүргізудің жұмыстары жүргізілді.
- Бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлім ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 Қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қағидасымен және осы бағыттағы басқада қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер аясында жұмыстар атқарылған.
Осы бағытта, сот шешімдері негізінде, 2024 жыл көлімінде барлық құны 23,0 млн. теңгенің 1127 дана мүліктері, оның ішінде, 13 автокөлік, 989 литр жанар-жағар майы, 22 дана қосалқы бөлшектер, 11 дана әдеби діни кітаптар, 51 дана оргтехникалар және т. б. 41 халық тұтынатын тауарлары қабылданып, оларды қоймаларда сақтап тұру және оларды одан әрі пайдалану жұмыстары жүргізілген.
Қабылданған мүліктер түгелдей мемлекеттік тізілімнің веб-порталына енгізіліп, оларға одан әрі пайдалану шараларын жүргізу үшін тәуелсіз бағалаушылармен бағаланып, сауда-саттыққа шығарылып отырылған.
Шешімдердерді қабылдауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмеу және атқарылатын қызметтердің уақытылы және сапалы орындалулары үшін ережелермен белгіленген мерзімдердің сақталуы және мүліктерді одан әрі пайдалану барысында толық қолжетімділік, ашықтық, жариялылықпен қамтамасыз етілген.
- Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім, ҚР Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тиым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы» аясында айқындалатын тәртіппен тәркіленген мүліктерді, заттай айғақтарды, мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар берген арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды және республикалық меншікке өтеусіз өткен, мемлекет пайдасына бас татудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Бөліммен Департаменттің жанынан 2022 жылдың 25 қаңтардағы №9 бұйрығымен тиісті уәкілетті және де басқа органдардың қызметтері өкілдерінен тұратын құрылған тұрақты комиссиясының 48 отырысында (хаттамалық) мемлекет пайдасына айналдырылған мүліктерді электрондық сауда-саттықта (аукционда) сату,өтпеген және пайдалануға жарамсыз мүліктерді жою және мүліктерді мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне өтеусіз беру жөніндегі мәселелері қаралған.
Атап айтқанда, 2024 жылы барлығы құны 23,0 млн. теңгенің 1127 бірліктегі мүлкі қабылданып, оның ішінде:
- 987 мүлік электрондық сауда-саттықта сатылып бюджетке 15,5 млн. теңгенің қаражаты түсірілген;
- 120 мүлкіне жою (кәдеге жарату) шаралары жүргізілген.
Жыл көлемінде өткізуші тиісті органдар (мемлекеттік сот орындаушылары) арқылы қабылданған мүліктерге екі жақты қабылдау-беру актілері негізінде салыстырмалы түгендеу жұмыстары жүргізіліп отырылған. Әрбір сауда-саттықтан түскен қаражаттың бюджет есебіне кірістелгендігіне бақылау жасалады.
Бөлім қызметкерлерінің міндеттері нақтыланып, қабылданатын мүліктерге жауапты материалдық қызметкер (бұйрықпен) бекітілген.
Кірістелетін мүліктерді қабылдау, беру және сақтауға өткізу барысында фототүсірілім және бейнежазба қолданыла отырып атқарылады. Мүлiктер жойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде фото және бейне тіркеу материалдарының цифрлық форматта сақталуын қамтамасыз етілуі тиіс болғандықтан, мүлiктерді жою процесі барысында жүргізілген фототүсірілім және бейнежазбалар материалдарының сақталуына жауапты болып бөлімнің бір қызметкеріне (бұрықпен) бекітілген.
Бөліммен атқарылған жұмыстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған.
Активтерді басқару бөлімі өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңдылықтарға, департаменттің және бөлімнің Ережелеріне сәйкес, негізгі жұмыстары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы аясында теңгерімдегі автивтерді басқару болып табылады. Осыған байланысты бөлімнің қызметіне 2024 жыл қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей ішкі талдау жұмыстары жүргізілді:
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы ықтимал болуы мүмкін жұмыстарының бірі мемлекеттік сатып алу. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алмауына алғышарттардың алдын алу үшін жағдай жасау үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Заңға соңғы өзгерістер мен түзетулерді Мемлекет басшысы 2024 жылдың 1 шілдесінде енгізді. Заң Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданды.
Заң сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, өнім берушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, шағымдарды қарау тетіктері жаңартылды. Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды. Сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында Заңда тікелей белгіленген мерзімдер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының деңгейіне ауыстырылды. Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп тану негіздері қайта қаралды.
Сонымен қатар, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау және оларға барынша дербестік беру мақсатында құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға негізделген «тұрақты мемлекеттік сатып алулар» түсінігі енгізілді.
Осыған орай, қабылданып жатқан шаралар ашықтықты, мемлекеттік сатып алулардың қолжетімділігін, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді дамытуға мүмкіндік береді.
2024 жылы барлығы 108 мемлекеттік сатып алу өткізілген. Оның ішінде: департамент қызметкерлерінен құралған комиссия құрамының қатысуымен мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілі арқылы барлығы – 28 мемлекеттік сатып алу, ал бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілі арқылы барлығы – 100 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Жүргізілген сатып алуға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін комиссия тобы анықтады.
Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы ықтимал болуы мүмкін жағдайлар әлеуетті өнім берушілерге заңсыз артықшылық көрсетумен, нақты бір өнім берушіге негізсіз қолайлы жағдай жасаумен, келісім-шарт міндеттерін дұрыс орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тануға байланысты шараларды орындамай оларға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне одан әрі қатысуға жағдай жасаумен ерекшеленеді.
Осыған орай, 2024 жыл басынан келісім-шарт міндеттерін дұрыс орындамаған өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану үшін сот органдарына талап арыз беріліп, 4 өнім беруші жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілді.
Департаменттің кадр жұмысын жүзеге асыру кезінде өз қызметі барысында мемлекеттік органдар жүзеге асыратын кадр мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №Л-239 санды және 2023 жылғы 18 тамыздағы №Л-134 санды бұйрықтарымен бекітілген штаттық кестесіне сәйкес Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде 15 қызметкер жұмыс атқарады. Онын ішінде - департамент басшысы (С-О-1 санаты - 1), департамент басшысының орынбасары (С-О-2 санаты – 1), бөлім басшысы (С-О-4 санаты - 5), бас маман (С-О-5 санаты - 8).
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 21.02.2017 ж. №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 05.04.2023 ж. №71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптары негізінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 36-бабына және 2024 жылға бекітілген тағылымдамадан өту кестесіне сәйкес, Департаменттің активтерді басқару бөлімінің басшысы Ж. Абдуаитов Қызылорда мемлекеттік ішкі аудит департаментінен және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Маханбетов Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінен тағылымдамадан өткен.
2024 жылы біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспар кестеcіне сәйкес, Департаменттің 5 қызметкері Е. Бердібаев, С. Омаров, С. Темиркулов, Ж. Маубаева және М. Нугманова) біліктілігін арттыру курсынан және 1 қызметкер (А. Маханбетов) басшы лауазымына алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсынан өткен.
Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған.
Департамент басшысының орынбасары С.Омаровқа жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2024 жылы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Б.Ташеновтың №Л-40 бұйрығымен сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Маханбетов және осы бөлімнің бас маманы М. Нугманова өзіне жүктелген міндеттерді асыра атқарып, тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір қызметкердің жеке ісінде ҰҚКД арнайы тексерудің оң нәтижесі туралы анықтама бар.
Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер болған жоқ. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ережелерін бұзған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
Кадр жұмысын жүзеге асыруда нормалар заңнамамен нақты регламенттелуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Департаментте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу мәселелері тұрақты бақылауда.
Департаменттің 2024 жыл бекітілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шара жоспары белгіленген мерзімде орындалған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес барлық қызметкерлер (және олардың жұбайлары) белгіленген мерзімде салық органдарына 2024 жылғы табыстары туралы декларациялар мен мүлік туралы мәліметті уақытылы табысталған.
Департаменттің әкімшілік ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.2022 жылғы №814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіні, сенім телефонының нөмірі көрсетілген стендтер орналастырылған. Сонымен қатар, Департаменттің әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылған.
Департамент қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңсыз әрекеттер туралы Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде БАҚ-тың шағымдары түспеген.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 22.06.2016 жылғы №113 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларының талаптары сақталады. Департаменттің жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілеріне тиісті сұрау салулар қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен жіберіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, болдырмау бағытында нақты шаралар қабылдау туралы Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіледі.
Құқықтық жұмысты жүзеге асыру кезіндегі өз қызметі барысында Департамент Комитеттің 27.09.2018 ж. №934 бұйрығымен бекітілген Департамент туралы ережені және Департаменттің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Департаментте мемлекеттің мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады, оның шеңберінде талап қою жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, құқықтық жұмысты жүзеге асыру кезінде заңнамада нормалар нақты регламенттелгеніне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
Мемлекеттік органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері.
Бөлімге қатысты:
2024 жылы бөлімнің жұмысына мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар
2024 жылға арналған Медиа-Жоспарды орындау мақсатында мақалалар жарияланды:
2024 жылғы 29 ақпандағы №9 (546) «Ақмешіт жастары» газетінде Департамент басшысы Е.Бердібаевтың «Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы жөніндегі ақпараты» атты мақаласы жарияланды.
2024 жылғы 25 сәуірдегі №17 (554) «Ақмешіт жастары» газетінде Департаменттің кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.Құлжанованың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру-әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті» атты мақаласы жарияланды.
2024 жылғы 13 маусымдағы №24 (561) «Ақмешіт жастары» газетінде Департаменттің жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы Б.Боранбаевтың «Сыбайлас жемқорлық сыйлық беруден басталады» атты мақаласы жарияланды.
2024 жылғы 20 маусымдағы №25 (562) «Ақмешіт жастары» газетінде Департаменттің кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.Құлжанованың «Мемлекеттік қызметшінің әдебі» атты мақаласы жарияланды.
2024 жылғы 27 маусымдағы №26 (563) «Ақмешіт жастары» газетінде Департаменттің активтерді басқару бөлімінің басшысы Ж.-Абдуаитовтың «Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу» атты мақаласы жарияланды.
- 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №37 (574) «Ақмешіт жастары» газетінде Департамент басшысының орынбасары С. Омаровтың «Сыбайлас жемқорлық: Әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам қаупі» атты мақаласы жарияланды.
- 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №37 (574) «Ақмешіт жастары» газетінде Департаменттің заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің басшысы Н. Әбдрәсілдің «Мемлекеттік мүлікті басқару» атты мақаласы жарияланды.
- 2024 жылғы 10 қазандағы №41 (578) «Ақмешіт жастары» газетінде Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Маханбетовтың «Қаржылық сауаттылықты қалай қалыптастыруға болады?» атты мақаласы жарияланды.
Сонымен қатар, Департаменттің Facebook және Инстаграм парақшалары (Кызылординский ДГИП) әлеуметтік желісінде жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы Б.-Боранбаевтың «Сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға өткізу» тақырыбындағы мақаласы орналастырылды.
Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:
2024 жылы департаментке жеке және заңды тұлғалардан 7 өтініш келіп түскен. Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралған және орындалған.
Сот органдарының талдау объектісі, қылмыстық істер фабуласы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шешімдері.
2024 жылы департамент қызметкерлеріне қатысты сот актілері болғанмаған.
Сыбайлас жемқорлыққа бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері тәуекелдер.
2024 жылы кадр және құқықтық жұмыс бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Азаматтық және Бюджет кодекстерін, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы
30 тамыздағы №393 бұйрығын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің басқа да актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Комитет туралы ережені, Департамент туралы ережені басшылыққа алады.
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері: бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыру, бастапқы құжаттарды жүргізу, қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылау және басқалар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды.
Жеке және моральдық тозу салдарынан жарамсыз болып қалған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығаруды және жоюды Департамент басшысының не оның орнындағы адамның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін Комиссия жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алынып тасталды.
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер құқық бұзушылықтар мен дискрециялық өкілеттіктердің барлық талаптарына жауап береді.
Департаменттің жұмыс тобы бөлімдерге жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша көтерілген мәселелерді қарап, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты орын алмаған деп қорытынды жасап, келесіні
ҰСЫНАДЫ:
Департамент басшысының орынбасары,
жұмыс тобының жетекшісі С. Омаров
Заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті
иелену бөлімінің басшысы, топ мүшесі Н. Әбдрәсіл
Жекелеген негіздер бойынша түскен
мүлікпен жұмыс бөлімінің бас маманы,
топ мүшесі С. Мүбәрак
Қадр және құқықтық жұмыс
бөлімінің басшысы, топ мүшесі Ә. Құлжанова
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің
басшысы, топ мүшесі А. Маханбетов